Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Амангелді Таспихов сайлау учаскесіне барды

Амангелді Таспихов сайлау учаскесіне барды

Алматы. 9 маусым. 7kun.kz – ҚР Президенттігіне үміткер Амангелді Таспихов Нұр-Сұлтан қаласындағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Амангелді Таспихов «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан президент сайлауына түсіп жатыр.

Айта кетейік, ол Орал қаласында тұрады. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына байланысты елордада дауыс берді.

«Менің ойымша барлық жерде заң қатал сақталынды. Сайлауға барлықтарыңыз келіңіздер, дауыс беріңіздер! Азаматтық борыштарыңызды атқарыңыздар», - деді Таспихов.





Похожие материалы