Amir Capital ісі: Қаржы пирамидасынан 10 млн доллардан астам актив бұғатталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Алматы қаласы бойынша департаменті «Amir Capital» компаниясына қатысты қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Ресми мәліметке сәйкес, өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырған компания Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан азаматтарынан криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы ай сайын 5–10% табыс табуға уәде берген.
Инвесторлар қаржыны Amir Wallet криптоәмияны арқылы USDT, BTC және ETH түрінде енгізген. Жүйеге қатысу реферальды сілтеме арқылы жүзеге асқан. Түскен қаражат классикалық қаржы пирамидасы схемасына сәйкес бөлінген – алғашқы қатысушыларға төлем кейінгі салымшылар есебінен төленген.
Қаражатқа қол жеткізу шектелген2021 жылдың соңында amir.capital платформасындағы жеке кабинеттерден қаражат шығару мүлдем тоқтатылған. Ұйымдастырушылар бұл жағдайды техникалық ақаулармен түсіндіріп, төлемдердің қайта басталатынын айтқан. Алайда сол уақыттан бері салымшылар қаражаттарына қол жеткізе алмаған.
Тергеу нәтижелері:-
Қаржы пирамидасына 40-тан астам адам тартылған;
-
Сот санкциясымен құны 10 млн АҚШ долларынан асатын криптовалюта активтері мен Алматы облысындағы жер телімі бұғатталды;
-
Күдіктілердің бірі екі айға қамауға алынды;
-
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.