Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz — Маңғыстау облысында 9 миллиард теңгеге трансформаторлар мен кабельдерді өндіру бойынша жобаны іске қосу кейінге қалдырылды. Бұл туралы «Ақтау ЭнергоМаш» ЖШС директоры Самир Расулов мәлімдеді.
Кәсіпорын басшысының айтуынша, жоба биылғы жылы іске қосылуы тиіс еді, алайда енді өндіріс 2020 жылы іске қосылады.
«Қазіргі уақытта құрылыс тоқтатылды. Инвестор тарапынан қаржылық қолдауды күтеміз. Кәсіпорын 2020 жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз, бірақ нақты тоқсанды айта алмаймыз», - деді Расулов.
Айта кетейік, жоба «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жүзеге асырылуда. Кәсіпорынның қуаты 2,5 мың кабель өнімін және 1,2 мың дана электр жабдығын құрайды.
Зауыттың өнімдері Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстанды да қамтиды. 150 жұмыс орны ашылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024