Экономика
Ақтөбеде үш қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 18 жылға бас бостандығынан айырылды
Ақтөбе облысы. 26 тамыз. 7kun.kz – Ақтөбе қалалық №2 соты «Гарант 24», «Выгодный займ» және «ESTATE Ломбард» қаржы пирамидаларының ұйымдастырушыларына үкім шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар 18 жылға, ал қатысушылары 6 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, қылмыстық іс былтыр маусымда сотқа жолданған болатын. Қылмыскерлер 17 мың қазақстандықты алдап, 30 млрд теңгеден астам шығын келтірген.
Похожие материалы
Финансы
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





