Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кездесуде «АқтөбеМұнайГаз» ЖШС басшысы С. Естемісов өзінде жұмыс істейтін Қ. Садықовтың отбасына үй сатып алуға дайын екенін жеткізді.
«Үкімет тобы келіп, танысқан отбасының бірі менің компаниямда жұмыс істейді. Қанат Садықов таяуда ғана жұмысқа орналасты. Көпбалалы отбасыға үй алып беруге шешім қабылдап отырмыз», - деді С. Естемісов.
Кәсіпорын басшысының айтуынша, «Ақтөбемұнайгаз» ЖШС-де 80-нен астам жұмысшы бар. Олардың 60 пайыздан астамы оралман. Сондай-ақ, С. Естемісов жұмысшыларына несие алдырмайды. Есесіне оларға пайызсыз ақша беріп, жалақысының бір бөлігінен төлеуге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде вице-премьер кәсіпкерге алғысын білдірді
«Отбасына барып, жағдайымен таныстық. 10 жыл бұрын Қазақстанға көшіп келіп, әр жерде тұрған. 4 баласы бар, күйеуі жұмыс істейді, әйелі баларын бағып отыр. Осындай отбасыға көмектескеніңіз үшін алғыс айтамын», — деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Сондай-ақ, жиында «Нектар» табысты құрылыс фирмасының төрағасы Ш. Каспранов та өзінде жұмыс істейтін бетоншы Б. Ақберлиевке 2 бөлмелі пәтер сатып алып беруге уәде берді. Оның жанұясында 7 бала өсіп келеді, жұбайы «Алтын алқа» иегері. Қазіргі таңда бұл отбасы жатақхананың шағын бөлмесінде, тар жерде өмір сүріп жатыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024