Алматы. 12 мамыр. 7kun.kz – Ол бұған дейін «Қазақтелеком» компаниясының бас қаржы директоры қызметін атқарған болатын, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сондай-ақ, Харламов Юрий Евгеньевич Бас операциялық директор, Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол компанияның бас атқарушы директоры, басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған.
2022 жылғы 27 сәуірден бастап «Кселл» АҚ Басқарма мүшесі, бас техникалық директоры Есергегенов Асқар Әлібекұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Компания басқармасының өзгертілген құрамы:
1. Өзбеков Асхат Ахатұлы – Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор
2. Харламов Юрий Евгеньевич – Басқарма төрағасының орынбасары, бас операциялық директор
3. Аверченко Мария Витальевна – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор
4. Нұрпейісова Дина Қожахметқызы – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры
5. Үйсімбаев Азамат Дәулетұлы – Басқарма мүшесі, корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор.
Айта кетейік, "Кселл" АҚ қазір ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сәуірдің басында «Қазақтелеком» АҚ құрамынан екі ұялы оператор - Kcell немесе Tele2 операторын шығаруды ұсынғаннан кейін телекоммуникациялық нарық сарапшыларының назарында.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024