"Астана Моторс" Қазақстанның автокөлік нарығынан үш есе жоғары нәтиже көрсетті
Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz – «Астана Моторс» компаниясының сатылымы қазақстандық автокөлік нарығының өсу қарқынынан үш есе жоғары нәтиже көрсетті. Қазақстанның автокөлік нарығы бір жыл ішінде 26% -ға, ал "Астана Моторс" компаниясының автокөліктерін сату көлемі 75% - ға артқан.
Алдын ала деректер бойынша, 2018 жылдың 11 айында Қазақстанда коммерциялық техниканы қоса алғанда 49 мыңға жуық жаңа автокөлік сатылды. Ал 2017 жылдың сәйкес уақытында 44 мың автокөлік сатылған. Бір жыл ішінде нарық 11,3% - ға өсті.
"Астана Моторс" сатылымы 11 айда нарықтан үш есе жоғары нәтиже көрсетіп, 75% - ға өскен. 2017 жылы 7732 автомобиль сатылған болса, биыл 12944 автокөлік өз иелеріне табысталды.
11 ай ішінде жеңіл автомобильдер сегментіндегі "Астана Моторс" нарықтық үлесі 25% - ды құраған. Бұл соңғы үш жылда компания үшін абсолютті рекорд болып табылады.
2018 жылдың қараша айында "Астана Моторс" ҚМК сатылымы 1518 бірлікті құрады, бұл өткен жылға қарағанда 78,4%-ға (851 бірлік) көп.
"Астана Моторс" компаниясының болжамы бойынша, Қазақстанның автокөлік нарығында биылғы жылы 58-60 мың, ал келесі жылы 68-75 мың автокөлік сатылады. Оның ішінде "Астана Моторс" -тың еншісіне 16 мыңнан астам автокөлік тиесілі .
Компания 2014-2016 жылдардағы ұзақ құлдыраудан кейін Қазақстанның автокөлік нарығындағы сату көлемі бойынша екінші жыл қатарынан оң динамиканы көрсетуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024