Экономика
Астанада 19 жерасты және жерүсті өтпе жолдары салынады
Астана әкімдігінде өткен жиналыста жол жабыны туралы мәселе қаралды. Сонымен бірге, жерасты және жерүсті өтпе жолдарының жағдайы да талқыға салынды деп хабарлайды astana.kz.
Автокөлік жолдарының жағдайы туралы айтқан Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков ағымдағы ахуал қоғамдық көлікті жаңартуға кедергі келтіріп отыр дейді.
— Жолмен қала тұрғындары өткен уақытта сапасының көңіл көншітпейтінін айтады. Осындай көңіл толмайтын жағдайға байланысты күніне он шақты автобус жөндеуге жіберіліп отырады, — деді әкім.
Тағы бір маңызды мәселе - жерасты және жерүсті өтпе жолдары. Осы жерлердегі санкцияланбаған сауда жұмыстары мен нысандардың жағдайының лайықсыздығын да әкім айта кетті.
Жақсыбековтің айтуынша, қаланың алдағы уақыттағы жоспарларының ішінде тағы 19 жерасты және жерүсті өтпе жолдарын жасау бар.