Мамандардың сөзінше, Қазақстанның Еуразиялық эконимакалық одаққа деген қызығушылығы бәсеңдеген. 2016 жылдың 10 айында ҚР экономикалық одақ елдерімен жасаған сауда айналымы 20%-ға, ал экспорт 25%-ға төмендепті. Еліміз бен Еуразиялық одақ арасындағы сауда қарым-қатынасы туралы цифрлар түсіндіреді.
Қазақстанның ЕАЭО-қа жасайтын экспортының негізін әлі де шикізат құрап отыр. Осы жылдың 10 айлық қорытындысы бойынша еліміздің ЕАЭО-пен тауар айналымы 20%-ға төмендеген, ал оның жалпы көлемі 11 миллиард АҚШ долларына жуық. Бұл – ЕАЭО құрылғаннан бергі Қазақстанның ең аз көрсеткіші, тіпті, кедендік одақ кезінде де еліміздің тауар айналымы бұдан жоғары сомада болған. ҚР экономикалық одақ елдеріне жасалатын экспорт көлемі импортқа қарағанда тез азаюда. 2016 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстан ЕАЭО-тың өзге мүшелеріне 3 миллиард долларға тауар сатқан. 2015 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда бұл 25%-ға төмен. ЕАЭО-қа экспорттаудан түсетін түсім де айтарлықтай қысқарған, бұл үрдіс, әсіресе, мұнай шикізатының саудасында байқалады. Мұнай шикізатын еліміз бір жылдың ішінде Ресей мен Беларусь мемлекеттеріне 44 миллион долларға саудалаған. Бұл былтырғы жылғы қаңтар-қазан аралығындағы сомадан 14 есеге аз (-506 миллион $). Экономикалық одақ елдеріне Қазақстан былтыр барлығы 2,3 миллион тонна мұнайды экпорттаса, биыл ол бар жоғы 174 мың тонна көлемде қалып қойды. Сирек кездесетін металдар мен радиоактивті элементтерді қосу ұлттық экономикамызға бұл жылы 2015 жылдың қаңтар-қазан аралығына қарағанда 251 миллион долларға аз табыс алып келді. Физикалық көрсеткіштермен айтар болсақ, тапсырыстың көлемі 872 тоннаға көп болған еді. Алтын экспортынан 2016 жылдың 10 айында ҚР экономикасына 14 миллион доллардан астам түсім түсірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 есеге, яғни 170 миллион долларға кем. Металл саудасының өсуінен түскен түсім экспорт көлемінің азайғанын байқатпай жіберді. Қара металл қалдықтары мен металл сынықтары экономикалық одақ елдеріне саудалаудан 51 миллион доллар сома түсім түсті, бұл былтырғыға қарағанда 24 миллионға көп. Экспорттағы бірден көзге түсетін екінші өсімді тот баспайтын болат пен темір өндірісі көрсетті. Бұдан түскен пайда 377 миллион доллар, өткен жылдан 7%-ға немесе 24 миллионға көп. Ал таза қара металдарды экспорттаудан осы жылдың 10 айлық мерзімінде экономикамызға 101 миллион доллар түсті. Бұл былтырғы жылдан 19 миллионға көп.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024