Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда Discovery Showcase HD арнасы ашылады

Қазақстанда Discovery Showcase HD арнасы ашылады

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz - Осы жылдың бірінші наурызынан бастап Қазақстанда Discovery Showcase HD атты жаңа арна жұмысын бастайды. Шетелдік арна Discovery Networks CEEMEA компаниясы және "Қазтелерадио" АҚ-мен серіктестігі арқылы келді.

Каналда Discovery Channel,  Animal Planet, TLC, Discovery Science және ID Xtra тәрізді ірі арналардың танымал шоулары көрсетіледі. Сондай-ақ Discovery Showcase HD қазақстандықтарға мемлекеттік тілде бағдарлама тарататын шетелдік арна болмақ. Алғашында көрермендер қазақ тілінде прайм-таймда қазақ тіліндегі шоуларды көре алады.

Жаңа арнаны  ОTAU TV телерадиохабар тарату желісі көруге болады, кейінірек басқа операторлардың желілерінен де табылады. Discovery Showcase HD дистрибютері - Қазтелерадио компаниясы.

 

Похожие материалы