Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық электрокөлік шығарылды

Қазақстандық электрокөлік шығарылды

Алғашқы қазақстандық электрокөліктің бағасы 12 мың доллар тұрады. Сатып алған клиент көлік бағасының 30 пайызына шанақты толық жаңарта алады. Бұл туралы "Урбан электрик" компаниясының директоры, өнертапқыш Таир Балбаев мәлімдеді деп хабарлайды Today.kz

"Біз алғашқы спорттық электрокарды ойлап шығардық. Қазақстан өнімдерінің көрмесінде көрсетілді. Соңғы таныстылымы 22 қазан күні болады. Қазір жергілікті дизайнерлер мен жасаушылардың негізі болған платформаны көрсетіп жатырмыз. Бұл әмбебап платформа. Кез келген үлгідегі шанақ келе береді. Көлік толықтай дербес, түбінде 15 кВатт/с батарея орнатылған. Тежегіш жүйесін, электроқозғалтқыш жұмысын, қуатын бақылайтын сандық құрылғымен қамтамасыз етілген. Қажеттінің бәрі бар. Түрлі деталь мен дисплейдегі шанақтарды салуға болады ", - деді Таир Балбаев "Astana International Auto Salon" көрмесінде.Өнертапқыштың сөзінше, қуаттағышы  180-200 шақырымға жетеді. Максималды жылдамдығы қозғалтқышқа байланысты. Электрокарлардың ерекшелігі - максималды жарыс кезінде аппараттың зиянын шектейтін мүмкіндік бар. Сондай-ақ, әзірге электрокөлікке байланысты тікелей бәсекелестер жоқ. "Көлікті үлкен өндіріске айналдыру туралы жоспар құрып жүрміз. Бұл болашаққа деген мүмкіндіктер мен бағыттардың жаңа идеясы. Польшада көлік жасаудың жаңа стартаптары бар. Олар батерея мен қуаттылыққа пайдаланылады. Көлік қымбат болған сайын жайлы, сапалы және ыңғайлы болғанын қалаймыз", деді Таир Балбаев.  

Похожие материалы