Қазақстанның ұлттық бренді не болады? Осы сауалға жауап табу үшін дәстүрлі тағамдардың төркінін іздей бастаймыз. Бірінші кезекте ойға келетіні - жылқы еті. Қазы-қарта, жал-жая, ата-бабамыздың күш-қуатын арттыруға сеп болғаны рас. Осы жылқы еті туралы ел арасында екі түрлі аңыз қалыптасқан. Сараптап көрелік!
1. Еуропалықтар жылқы етін жемейді екен
Бұл сөздің растығына күнәніміз бар. Жылқы етін ең көп жейтіндер - бельгиялықтар. Олардың әрбірі айына кем дегенде 1 кг ет жейді. Ет жеуді жақсы көретіндердің ішінде итальяндар, голландтар, француздар, финдер және т.б бар. Бүгінде Францияның оңтүстік бөлігінде жылқының кейбір тұқымдарын арнайы ет өндірісі үшін өсіреді. Париждегі алдыңғы қатарлы мейрамханаларында мынадай тағамдар кездеседі: жылқы етінен жасалған карпаччо, жылқы еті қосылған гамбургерлер, стейктер бар. Итальяндар француздарға қарағанда жылқы етін екі есе көп жейді. Соның ішінде жас етті жақсы көреді. Ал, француздар болса, неғұрлым сақа жылқының етін жегенді жөн көреді. 2013 жылдың көктемінде ЕО-да етке байланысты жанжалдан соң көптеген ет өндірушілері сиыр еті деп жылқы етін сатқан еді. Сол кезде Глазгодағы «Khublai Khan» атты моңғол асханасы менюге жылқы еті қосылған гамбургер мен жылқы етінің дәмі бар қытырлық картопты қосады. Содан бері аталған асхананың танымалдылығы төмендеген емес. «Humane Society International» жануарларды қорғау халықаралық ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, ЕО-да жылына 250 000 жылқы сойылады. Оның шамамен жартысы Италия мен Испанияның еншісінде. Қалған бөлігі - Польша, Швеция, Румыния, Германия, Ирландия, Бельгия, Ұлыбритания, Нидерланд пен Швецияға тиесілі. Жылқы етін аз жейтіндердің ішінде Португалия, Финляндия, Дания, Словения, Аустрия, Венгрия, Латвия пен Чехия бар. Мына жерде ЕО-ның кейбір елдерінде жыл сайын сойылатын жылқылар саны берілген:2. Жылқы етін экспорттау қымбатқа түседі
Еуразиялық одақтың өзге елдерімен салыстырғанда жылқы өсіруге Қазақстанда шығын аз кетеді. Яғни, таза ауа мен шүйгін шөп етті дәмді әрі сапалы етері сөзсіз. Осыны есепке алсақ, жылқы еті мен қымыз өндірісі жергілікті кәсіпкерлерге таптырмас мүмкіндік.Жаңа ұлттық бренд
Бүгінде қазақ асханасының кейбір тағамдары ЕО елдеріне әлі де болса таңсық. Яғни, жарты миллиардқа жуық тұрғына бар 28 мемлекеттің біздің дәстүрлі тағамдарымызбен танысуға мүмкіндігі болмай отыр. Себебі, тек бірнеше түрі мен шағын көлемде ғана шығарылып жүр. Мәселен, қазы-қарта, сүт өнімдерінен - қымыс, шұбат, ірімшік осылардың қай-қайсысы болмасын бренд болуға лайық-ақ. Кең тараған екі аңыздың да шындықтан алыс екені белгілі болды. Енді алдағы мақсат - қолда барды дамыту ғана. Ақпарат көзі: 365infoТэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024