
Біріккен Ұлттар Ұйымы АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы мүмкін болатын саммитті өз штаб-пәтерінде өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Бұл туралы ұйым бас хатшысының орынбасары Стефани Трембле ТАСС агенттігіне берген брифинг барысында айтты.
Алайда Трембленің айтуынша, қазіргі сәтте мұндай саммитті ұйымдастыру жөнінде ресми өтініш келіп түспеген және штаб-пәтерде оны өткізу мәселесі қарастырылмаған.
«Қазіргі таңда тараптар бұл мүмкіндікті талқылап жатқан жоқ сияқты», – деді ол.
Сонымен қатар ол БҰҰ әрқашан диалогты қолдайтынын атап өтті.
«Біз келіссөздерді құптаймыз және БҰҰ Жарғысына сай, Украинадағы әскери қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған ілгерілеуге үміттенеміз», – деді ұйым өкілі.