Экономика
БАҚ Криштиану Роналдудың офшорда ақшасы бар екені туралы ақпарат таратты
Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz - Мадридтік "Реал" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің ақшалай табыстарын Виргин аралдарындағы офшорлық компанияларда жасырып келген. Бұл туралы спорттағы қаржылық алаяқтықтарға зерттеу жүргізетін Footbal leaks порталына сілтеме жасап, Spiegel хабарлады, деп жазды РБК.
Басылымның ақпаратынша, спортсмен британдық Виргин аралдарында жарнамадан түскен табысын сақтап келген. Жарнамалық құқық келісімі 2015-2020 жылдарға жасалған. Футболшы аталған келісімді Испаниядағы салық жеңілдігін пайдаланып жүрген кезінде жасаған. Сонымен басылым ақпаратына сәйкес, Роналду 63,5 млн еуро қаржысын салықтан жасырған.
Spiegel басылымы алдағы бірнеше аптада Footbal leaks-тың иелігіндегі 18 млн құжаттың үзінділерін жариялауы мүмкін. Құжаттарда немістің жартылай қорғаушысы Месут Озил мен португалдық тренер Жозе Моуриньоның есімдері бар.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024