Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – «Шекарасыз репортерлер» халықаралық үкіметтік емес ұйымы әлемдегі 180 ел мен аймақтың жыл сайынғы рейтингісін құрды, онда баспасөз бостандығы мен журналистиканы бағалайды.
Қазақстан өткен жылдағыдай осы рейтингте 158-ші орынды сақтап отыр. Посткеңестік кеңістіктің кейбір басқа елдерінде баспасөз бостандығы былайша бағаланған:
60. Грузия
83. Қырғызстан
102. Украина
149. Ресей
153. Беларусь
160. Өзбекстан (Ислам Каримовтың диктатурасы кезінде қамауға алынған журналистердің босатылуы арқасында +5 позиция)
161. Тәжікстан
Рейтингтегі соңғы 180-ші орыны Түркіменстанға тиесілі. 179-орында – Солтүстік Корея. Қытай соңғы орындардың бірінде, 177-орын.
Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағы рейтингтің алдыңғы орнында қалады. Аймақтың халықаралық саясатының екі ауыр салмағы – Ресей мен Түркия (157-орын) тәуелсіз баспасөзге қарсы қудалауды жалғастыруда. Ал, АҚШ 48-ші орынға жайғасты.
Таяу Шығыс және Солтүстік Африка журналистік қызметтің ең қауіпті аймағы болып қала береді. Еске сала кетейік, 2018 жылдың соңында Сауд Арабиясының консулдығында Стамбулда саударабиялық журналис Джамал Хашкадди қаза тапты.
2019 жылғы Баспасөз бостандығы бойынша көшбасшылардың бестігі мынадай:
1.Норвегия (үшінші жыл қатарынан көш бастап келеді)
2.Финляндия
3.Швеция
4.Нидерланды
5.Дания.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024