Бішкек. 16 желтоқсан. 7kun.kz - Boeing 747 жүк тасымалдайтын ұшақ апатынан 32 адам қаза тапты. Оның 3-уі экипаж мүшелері, деп хабарлайды Қазақпарат.
Ұшақ Turkish Airlines әуекомпаниясына тиесілі. Оқиға орнына Қырғызстанның вице-премьері келді, деп хабарлайды РИА-новости.
Бұдан бұрын, ТАСС агенттігі оқиға орнында жергілікті тұрғындар арасынан 9 ересек адамның, 6 баланың, ұшқыштың қайтыс болғанын хабарлаған. Бес адам жарақат алған, оның 3-уі бала. Алдын ала деректер бойынша 3 экипаж мүшесі қайтыс болған.
«Әзірге қанша адам қайтыс болғанын айту қиын. Сандар өзгеруі мүмкін. Үш экипаж мүшесі қайтыс болғаны белгілі. Біреуін жедел жәрдем алып кетті. Ұшақ құлаған үй тұрғындарының арасында да қаза тапқандар бар», - деді ТЖ өкілдері.