Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл 1,3 трлн теңгенің 180 инвестициялық жобасын енгізу жоспарланған

Биыл 1,3 трлн теңгенің 180 инвестициялық жобасын енгізу жоспарланған

Primeminister.kz сайты жыл қорытындысын шығарып, өнеркәсіптік жаңғырту саласындағы жетістіктерді атады.   

 Үкімет отандық өндірушілерді қолдауды экономикалық тұрақты өсудің негізі ретінде қарастырады.

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды.

Басым бағыттардың бірі – оң нәтижелерге қол жеткізіліп отырған машина жасау саласы. Әрі қарай өсу үшін қазіргі қарқынды сақтау және өндірісті оқшаулау деңгейін дәйекті түрде арттыру маңызды. Ұзақмерзімді перспективада автомобиль өнеркәсібін мемлекеттік қолдау толыққанды кластер құруға алып келуі тиіс.

Тағы бір маңызды міндет – мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту. Қазіргі уақытта полипропилен мен полиэтилен өндіретін ірі жобалар жүзеге асырылып келеді. Бутадиен, карбамид және терефтал қышқылын өндіруге арналған болашағы зор жаңа жобалар әзірленуде. Аталған бастамалардың барлығы аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталуы маңызды.

Жоспарланған жобаларды іске асыру 25 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Күтілетін экономикалық тиімділік экспорт көлемінің 6 трлн теңгеге артуы және импортқа тәуелділіктің 1,5 трлн теңгеге төмендеуін қамтиды. Барлық жоба тұрақты экономикалық өсудің маңызды қадамы болатын жоғары өнімді және инновациялық өндірістерді дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ экспорт пен импортты алмастыруға бағытталған.

2024 жылы құны 1,3 трлн теңгеге жуық 180 инвестициялық жобаны енгізу жоспарланған, оның 164-і өңдеу секторына тиесілі. Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберіндегі нысандар саны бойынша бүгінде Қарағанды, Қызылорда және Жамбыл облыстары, инвестиция көлемі бойынша Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.

Ұқсас материалдар