Желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады деп болжануда. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында жел екпіні 18-23 метрге дейін жетеді.
Облыстың солтүстігі мен батысында өрттің жоғары қауіпі сақталады. Қонаев қаласында түнде солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні кейде 18-23 метрге жетеді.
Астанада 19 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде де түнде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 метрге дейін жетеді. Көкшетауда 19 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
19 тамызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, желдің екпіні күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, күндіз облыстың солтүстігі, шығысы және орталығында желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Ақтөбе қаласында да найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз 15 метрге дейін жететін екпінді жел болады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың шығысы мен таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өрттің өте жоғары қауіпі сақталады. Талдықорғанда түнде найзағай күтіледі.
Сол күні Абай облысының солтүстігі, оңтүстігі, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, облыстың солтүстігі, оңтүстігі, орталығында 15-20 метрге жетеді. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады; батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде - өрттің өте жоғары қауіпі сақталады. Семейде 19 тамызда түнде найзағай күтіледі.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде, ал облыстың көп бөлігінде күндіз найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысы, оңтүстігі, шығысында бұршақ, екпінді жел болады. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың батысы, оңтүстігі, шығысында желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Қостанай қаласында сол күні таңертең және күндіз найзағай болуы мүмкін.
19 тамызда Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, түнде облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарында, күндіз облыстың таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Облыстың көп бөлігінде өрттің өте жоғары қауіпі сақталады. Таразда да өрттің өте жоғары қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, желдің екпіні күтіледі. Жел батыстан, облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі, ал оңтүстігі мен орталығында өрттің өте жоғары қауіпі сақталады. Өскеменде де найзағай күтіледі.
Атырау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және солтүстік-шығысында өрттің өте жоғары қауіпі сақталады. Атырауда 19 тамызда өрттің өте жоғары қауіпі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігі мен шығысында күндіз желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігі, шығысы және орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының орталығында өрттің өте жоғары қауіпі сақталады, облыстың батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтауда 19 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысында жел батыстан, облыстың солтүстігінде күндіз желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрттің өте жоғары қауіпі, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Сол күні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде түнде найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде найзағай, бұршақ, желдің екпіні күтіледі. Облыстың батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Петропавл қаласында да найзағай, күндіз бұршақ, желдің екпіні күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз желдің екпіні 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі және шығысында да найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз облыстың батысы, солтүстігі және шығысында желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Павлодарда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз желдің екпіні 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте 19-21 тамыз аралығында өрттің өте жоғары (5-класс) қауіпі сақталады. Түркістанда да 19-21 тамыз аралығында өрттің өте жоғары (5-класс) қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінде күндіз желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде өрттің өте жоғары қауіпі сақталады. Қарағандыда 19 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз облыстың орталығында желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Облыстың көп бөлігінде өрттің өте жоғары қауіпі сақталады.