Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 380 теңгеден асты

Доллар бағамы 380 теңгеден асты

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 380,22 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,73 теңге/$1) ұлттық валюта 0,49 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 380 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,26 теңге, жабылу курсы бір долларға 380,26 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 17 млн 160 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 49.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380,4 теңге, Алматыда – 381,5 теңге.

Ұлттық Банктің 26 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,86 теңгені құрайды.

Похожие материалы