Дропперлік – бұл азамат сыйақы үшін өзінің банктік карталарын, шоттарын, электронды әмияндарын немесе ЖСН-ді басқа біреудің ақшасын қабылдау, қолма-қол ақшаға айналдыру немесе аудару үшін беретін схема.
Осындай схемаларға қатыса отырып, сіз қаражат ұрлауда делдал боласыз. Қылмыстық кодекске сәйкес дропперлік қызмет үшін қылмыстық жауаптылық көзделген: айыппұл салудан бастап, мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына дейін қолданылады.
Іс жүзінде дропперлік схемаларына қатысу көбіне «онлайн жеңіл табыс табу», «танысыңа көмек» немесе банкоматтың қасында бейтаныс адамдар ақшаны қабылдауды және аударуды сұрайтын жағдайларда пайда болады. Сонымен бірге «Онлайн-кассир болып жұмыс істеу, ақысын күн сайын алу», «200 000 теңге қабылдап, өзіңізге 20 000 теңге қалдырып, қалғанын аударып отыру», «Күніне 10 транзакция үшін 200 000 теңге» сияқты жылдам табыс табу туралы ұсыныстар да танымал.
Алаяқтықтың негізгі белгілеріне еңбек шартының болмауы, «жұмысқа кірісу қажет» деген шұғылталап, картаның және паспорттың фотосуреттерін беру, СМС-пен келген кодтарды, банктік қосымшалардағы логиндер мен құпиясөздерді хабарлау, сондай-ақ жаңа карталарды ресімдеу және оларды үшінші тұлғаларға беру талаптары жатады.Осы белгілердің біреуінің болуы қылмыстық схемаға қатысу әрекетін білдіреді.
Банктер түскен сомаға сондай аударым аударуды, транзакциялар арасындағы қысқа интервалдарды, түрлі алушылар арасындағы аударымдар тізбегін және алаяқтыққа қатысқан шоттармен байланысты қоса алғанда, бір-біріне ұқсас операциялар бойынша дропперлерді анықтайды. Мұндай жағдайларда банктік шоттар бұғатталады, түсініктемелер мен құжаттар сұратылады, қызмет көрсету тоқтатыла тұрады, ал ақпарат құқық қорғау органдарына беріледі. Бұл ретте «бөтен» шоттар ғана емес, клиенттің өз қаражаты да бұғатталуы мүмкін.
Соттар дропперлерден негізсіз баю ретінде қолма-қол ақшаның толық сомасын өндіріп алады. Сонымен қатар банктер шоттар ашуға шектеулер қойып, қызмет көрсетуден бас тарта алады және барлық банктік сервистерге қолжетімділікті жаба алады.
Қорғау мақсатында азаматтарға ешқашан банктік карталарды, шоттарды, ЖСН мен қолжетімділікті үшінші тұлғаларға бермеуге, «қабылдап, аударып ал, комиссияны өзіңе қалдыр» форматындағы кез келген ұсынысты алаяқтық ретінде қабылдауға кеңес беріледі. Ал күмән туындаған жағдайда күдікті хабарламаларды тіркей отырып, банкке және құқық қорғауоргандарына дереу жүгіну қажет.





