Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Егер мұнай бағасы өссе, теңге нығаяды

Егер мұнай бағасы өссе, теңге нығаяды

Астана. 12 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстанның ұлттық экономика министрі Қуандық Бишимбаевтің ойынша,  мұнай бағасының өсуі теңгенің долларға қатысты күшеюіне ықпал етеді. 

«Теңге бағамын нақты болжау қиын, бұл жерде барлығы нарықтағы курсқа байланысты. Менің ойымша, мұнай бағасының өсімі теңге курсына ықпал етуі керек», - деді Қуандық Бишімбаев үкімет отырысында. «Біздің ойымызша, тек курста ғана емес Ұлттық қор мен бюджет түсіміне қатысты да оң өзгерістер болуы керек. Себебі экспорт-кедендік салықтар және қазіргі мұнай бағасы шикізат өндірушілер үшін қолайлы. Яғни бұл оларға кен орындарын дамыту үшін қосымша инвестиция салуға мүмкіндік береді. Менің ойымша, бұл мұнай өндіруші компаниялардың инвестициялық жүйесінде оң өзгерістер тудырады», - деп атап өтті ол.

                                                                                          Айжан Тынышбек "7"

Похожие материалы