Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Егістікті киіктерден қорғайтын мобильді топтар құрылды

Егістікті киіктерден қорғайтын мобильді топтар құрылды

Ақмолалық диқандар биыл егістік алқабын ақбөкендер тағы таптап кете ме деп алаңдаулы. 

Былтыр Атбасар, Жарқайың мен Астрахан аудандарында 100 мың гектарға жуық егістік жерлерді жануарлар отап кеткен. Содан сабақ алған жергілікті билік биыл алғаш рет орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мамандарымен бірлесіп 29 мобильді топ құрып, 8 аудандағы егістік алқаптарын бақылауға алды.

Көктемгі санақ бойынша Ақмола өңірінде 340 мың киік мекендейтін көрінеді. Дәл осы көктемде олардың төлдейтін кезеңінде Атбасар, Жақсы ауданына бет алады. Сондықтан арнайы құрылған мобильді топтың 5-еуі қазір осы Атбасар ауданында кезекшіліктерін бастап кетті.

– Егістікті қараусыз қалдырса, жыл сайын кемінде 3,5 мың гектар жерді дала жануарлары жарамсыз күйге түсіреді, – дейді мамандар.

Мобильді топ киіктер төлдеп болған соң оларды Бетпақдалаға қарай бағыттап, қоныс аудартуы керек. Қазір мамандар ақбөкендер отап кетпесін деп егіс алқаптарында 24 сағаттық күшейтілген күзетте жүр.

Ұқсас материалдар