Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екінші тамызға арналған мұнай және металл бағамдары

Екінші тамызға арналған мұнай және металл бағамдары

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Екінші тамызға арналған мұнай және металл бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: Мұнайдың әлемдік бағасы бейсенбі күні күрт төмендеді, бұл ретте WTI және Brent маркалы мұнайдың бағасы 6-7%-ға азайды, деп жазады Прайм. Америкалық президент Дональд Трамп бейсенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндеғі өзінің шағын блогында АҚШ 1 қыркүйектен бастап құны 300 млрд доллар болатын ҚХР тауарларына 10% баж салығын салатынын мәлімдеді. 23.54 жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қазан фьючерстерінің бағасы 6,1%-ға - барреліне 61,08 долларға дейін төмендеді. WTI маркалы мұнайға қыркүйек фьючерстерінің құны 7,15%-ға, барреліне 54,39 долларға дейін төмендеді. Трамп мәлімдемесіне дейін мұнай 2-3%-ға арзандады.

Металдар: 23:50-де алтынға тамыз фьючерстерінің бағасы 0,9%-ға көтеріліп, бір троялық унциясы 1 445,3 долларға сатылды. Күміс фьючерсінің құны 0,073%-ға — бір унциясы үшін 16,253 долларға дейін өсті.

Криптовалюталар: coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша, 00:00-де bitcoin 10 408,77 доллар саудаланды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 3,6%-ға қымбаттады, ал оның капитализациясы 185,82 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum бағасы 1,04%-ға қымбаттап, 215,74 доллар тұрды. Бұл криптовалютаны капиталдандыру 23,31 млрд долларды құрады.

Похожие материалы