Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елбасы Астанада салынатын Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратының жобасын мақұлдады

Елбасы Астанада салынатын Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратының жобасын мақұлдады

Алматы. 25 қаңтар. 7kun.kz – Астанада Дүниежүзілік сауда орталығы салынады, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысына елордада Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратын салу жөніндегі жоба ұсынылды. Бұл нысан толықтай шетел инвестициясы есебінен бой көтереді.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі кездесудің былтыр қазан айында Брюссельде өткен Қазақстан-Еуропа бизнес форумы алаңындағы келіссөздердің жалғасы екенін атап өтті.

«Біз Брюссельде сіздердің ұсыныстарыңызды талқылап, тағы да кездесу өткізу жөнінде уағдаласқан едік. Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығының мұндай жобаларды жүзеге асыру ісіндегі мол тәжірибесін ескерсек, біздің ынтымақтастығымыз екі тарап үшін де жемісті болады деп ойлаймын. Бұл жоба елордамыздың келбеті мен рухына сай келіп, оның ажарын аша түскенін қалар едім», – деді Қазақстан Президенті.

«Nest Investments HOLDINGS» компаниясының корпоративтік инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехар өз компаниясы үшін сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту үдерісіндегі Астананың стратегиялық тұрғыдан маңыздылығын атап өтті.

«Біздің инвестициялық тобымызға қарасты ірі 18 дүниежүзілік сауда орталығы бар. Мұндай нысандарды қалай салып, қалай басқаруды білеміз. «Бір белдеу, бір жол» ауқымды жобасына қатысу жөніндегі біздің стратегиялық бағытымызда Қазақстан, соның ішінде Астана маңызды орын алады», – деді М.Эфтехар.

Соңында Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда орталығының жаңа ғимаратының жобасын мақұлдап, Астана қаласының әкімі Б.Сұлтановқа оны іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыстарды бастауға тапсырма берді.

Похожие материалы