Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуропаға жүкті Моңғолия арқылы тасымалдай бастады

Еуропаға жүкті Моңғолия арқылы тасымалдай бастады
Ресейлік компания Қытайдан Еуропаға Қазақстанды айналып өтетін жүк тасымалдау дәлізін іске қосты. Бұл туралы «Евросиб» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Моңғолия арқылы өтетін транзиттік контейнерлік сервис жақында алғашқы рейсін жүзеге асырған. Қытайдың Чунцин провинциясынан 3 желтоқсанда шыққан контейнерлер Моңғолия арқылы Еуропаға 13 тәулікте жеткен. «Евросиб» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша  германияның DB Cargo Russija теміржол операторымен бірлескен жоба 2017 жылы толық күшінде жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау жиілеп, аптасына бір поезд жіберіледі. Моңғолия арқылы жүк тасымалдауды «Евросиб» былтыр бастаған болатын. Қазірге дейін Еуропаға 100-ден астам поезд қатынаған. Қосымша күш қажет болды ма, жақында олар бұл жобаны жүзеге асыру үшін немістің DB Cargo Russija теміржол операторымен бірлесті. Еске салайық бұған дейін Еуропаға жүк тасымалдауда Қазақстан негізгі дәліз болып келген еді.

Похожие материалы