Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Фейк: Желіде тараған «жолбарыс» фотосы шындыққа сәйкес келмейді

Фейк: Желіде тараған «жолбарыс» фотосы шындыққа сәйкес келмейді

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпаратпен фотосурет таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

«Жарияланған суретте жасанды интеллект (AI) арқылы жасалған болуы мүмкін белгілер байқалады. Табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-ошақпен жабдықталған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары оның орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстайды. Сондықтан жануардың «кездейсоқ түсірілгені» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды» , дейді министрлік ақпаратында.

Азаматтар мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырған министрлік көрінеу жалған ақпаратты, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін фото және бейнематериалдарды тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкіндігі тураллы ескертеді. 

Ұқсас материалдар