Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ForteBank акциялары 10%-ға арзандады

ForteBank акциялары 10%-ға арзандады

ForteBank акциялары Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда сессиясында 9,5%-ға құлдырап, 16,80 теңге деңгейінде жабылды.

Жалпы сауда көлемі 35,6 млн теңгені құрады.

Бағаның күрт төмендеуі Қазақстандағы жеке инвесторлар қауымдастығының назарын аударды. Бұл – банк акцияларының соңғы айдағы екінші ірі құлдырауы. Қыркүйек айының басында ASBN бағалы қағаздары 22,26 теңгеден 12,26 теңгеге дейін арзандап, кейін қайта қымбаттаған болатын.

ForteBank акциялары KASE индексінің құрамына кірмегенімен, инвесторлар арасында сауда-саттық белсенділігі жоғары болып отыр. Сарапшылардың пікірінше, акция бағасының төмендеуіне нарықтағы алыпсатарлық белсенділік пен соңғы корпоративтік жаңалықтар әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, жақында ForteBank Чехиялық Home Credit Bank-тің Қазақстандағы еншілес бөлімшесінің 26,8% үлесін сатып алған болатын. Бұл мәміле нарық қатысушылары тарапынан әртүрлі бағаланып отыр – бірі стратегиялық қадам десе, енді бірі тәуекел деп қабылдауда.

Банктің түпкі иесі – кәсіпкер Болат Өтемұратов. Forbes деректеріне сәйкес, оның жеке дәулеті 3,7 млрд долларды құрап, оны Қазақстандағы ең бай алты адамның қатарына енгізген.

Ұқсас материалдар