Орталық Азияның ислам банкингі нарығы 2028 жылы 2,5 млрд долларға жуықтауы мүмкін
2028 жылға қарай Орталық Азиядағы исламдық банкинг нарығының көлемі 2,5 млрд АҚШ долларына жуықтауы мүмкін. Бұл болжам Mastercard-тың «ОрталықАзиядағы исламдық банкинг: жаңа мүмкіндіктер кеңістігі» атты есебінде айтылды.Бұл туралы Қазақстандағы Mastercard баспасөз кеңсесі хабарлады.
Зерттеу авторлары өңірдегі исламдық банкингтің қазіргі жиынтық көлемін шамамен 716 млн долларға бағалайды. Олардың есебінше, нарықтың орташа жылдық өсу қарқыны 40% шамасында. Осы болжам орындалса, нарық көлемі 2028 жылға қарай үш еседен астамұлғаяды.
«Орталық Азия елдері исламдық қаржы экожүйесінің белсенді даму кезеңіне қадам басыпотыр. Клиенттердің күтулері мен қаржы институттарының өнімдер мен қызметтердідамытуға деген көзқарастары өзгеруде. Серіктестік, ашықтық және жауаптықаржыландыру қағидаттарына негізделген исламдық банкинг өңірдегі қаржылықинклюзияны кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл Mastercard-тың мақсаттарыменүндес. Біздің міндетіміз – исламдық қаржы шешімдерінің өңірдің тұрақты экономикалықдамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін жағдайларды қалыптастыруға жәрдемдесу», – деді Mastercard-тың Қазақстан және Орталық Азия бойынша бас директоры Санжар Жамалов.
Есепте Орталық Азия елдеріндегі мұсылман халқының жалпы саны шамамен 31 млн адамекені, ал исламдық қаржы өнімдерінің таралу деңгейі әзірге төмен екені айтылған. Авторлар нарықтың одан әрі дамуын реттеудің жетілдірілуімен, қаржылықсауаттылықтың артуымен және инвесторлардың қызығушылығымен байланыстырады.
Бұл көрсеткіштер нарықтың болашақтағы нақты көлемі емес, Mastercard есебіндегібағалау мен болжам екенін ескерген жөн.
Ұқсас материалдар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





