Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ForteBank басшысы Пірматов мерзімінен бұрын қызметінен кетті

ForteBank басшысы Пірматов мерзімінен бұрын қызметінен кетті
ForteBank-тің басқарма төрағасы өзгерді. Бұрын банктің директорлар кеңесінде болған және 2015-2016 жылдары ForteBank-ті басқарған Талғат Қуанышев қайта басшылыққа тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мерзімінен бұрын қызметінен кеткен экс-төраға Бекжан Пірматов «Верный капитал» компаниялар тобының құрамында басқа жұмысқа ауысқан. 
 
«Бүгін «ForteBank» АҚ директорлар кеңесі банктің басқарма төрағасы Бекжан Пірматовтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Банктің негізгі акционері Болат Өтемұратов Бекжан Пірматовқа ForteBank-ті дамытуға қосқан тиімді үлесі үшін алғыс білдірген.  Ал жаңа төраға Қуанышевқа озық технологияларды енгізуді күшейтуді, банктің қаржылық көрсеткіштерін нығайтуды және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру жүктелген. 

Қуанышевтың Қазақстанның қаржы саласында 30 жылдық тәжірибесі бар. Ол «АТФБанк» АҚ, «Kassa Nova Bank» АҚ, «АТФ Лизинг» АҚ және «ForteBank» АҚ сияқты қаржы институттарын басқарды.

ForteBank ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 21 банк арасында активтерінің көлемі жағынан 5-ші орында. 1 қазандағы KASE-дегі мәліметтері бойынша банктегі үлестің 89,01%-ы олигарх Болат Өтемұратовқа тиесілі.

Ұқсас материалдар