Федералды резервті жүйе (ФРЖ) 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешімін жариялайды. Сарапшылардың сөзінше бұл жолғы мөлшерлеме өзгеріссіз қалады. Оған қарағанда ФРЖ басшысы Джанет Йелленің нарыққа қандай дабыл беретіндігі маңыздырақ.
ФРЖ мөлшерлеме диапазонын 0,25-0,5% деңгейінде қалдыру мүмкін. Осыған дейін, 2015 жылдың желтоқсанында Ашық нарықтағы операция бойынша комитет мөлшерлемені бір жылда 4 рет көтеруге уәде берген еді, бірақ қаңтар мен ақпан айындағы нарықтағы жағдайдан кейін бұл жоспарға ешкім сене қойған жоқ. Наурыз айында болатын отырыста соңғы 3 айдан кейін алғаш рет экономикалық және пайыздық мөлшерлеме деңгейі бойынша болжамдар айтылады. Нарық қандай өзгеріс күтеді дегенге келсек, жыл бойы мөлшерлеме 4 рет өзгереді дегенге сенбеген инвесторлар мөлшерлеме бір-ақ рет қана көтеріледі деп болжам жасап отыр. Дегенмен де, нақты жоспарларды бүгін Джанет Йелленнің өзінен толығырақ еститін боламыз. Оның баспасөз мәслихаты Астана уақытысымен 00:30-да басталады. Айта кету керек, ФРЖ әрдайым доллар құнын бақылап отыруға тырысады, бірақ қазір әлемдік экономика үшін нақты қандай доллар керек екендігі белгісіз. Соңғы 2 жыл ішінде америкалық валюта қарқынды түрде өсіп отырды, дегенмен қазір дегейі баяулаған. Америкадағы болжам оң болғанымен, Еуропа мен Жапонияда доллар бағамына қатысты теріс көзқарас бар. Бүгінде америкалық валюта соңғы 4 айдағы минимумды көрсетіп отыр. Хедж-қорлар оның нығаю көрсеткіші 2014 жылдан бергі ең минимум деңгейдің көлемінде ғана болады деп есептейді. Дереккөз:vestifinance.ruТэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024