
Гаухар Бурибаева «Даму» қорын 2019 жылдың сәуір айынан бастап басқарды. Оның Қор басшысы кезіндегі жұмысы кезеңінде қолдау алған жобалар санын 5 есеге – 6 мыңнан 30 мыңға дейін артып, ШОБ қолдаудағы несие портфелі көлемі жылына 500 млрд теңгеден 1,7 трлн теңгеге дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Осы жылдар ішінде Қордың барлық құралдары толықтай цифрланды. Қор ҚР аумағында алғашқы болып «жасыл» облигациялар шығарып, ESG ізашары болды. 2024 жылдан бастап «Даму» Қорын кепілдік қорына трансформациялау процесі басталды, ол 2028 жылға қарай кепілдік портфелін 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Гаухар Бурибаеваның қаржы және инвестициялық секторларда жұмыс тәжірибесі мол. «Даму» қорына келгенге дейін Гаухар Бурибаева «Самұрық-Қазына Инвест», «Альянс Банк», сондай-ақ «Қазақстанның Даму Банкі», «Қазақстан темір Жолы» және Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. «Даму» Қорында 2017 жылдан бастап Департамент директорынан Басқарма төрайымына дейінгі жолдан өтті.