Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Сәкен Шаяхметовтың облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны туралы хабарлады.
Сәкен Шаяхметов - Президенттік кадр резервіне енген жастардың бірі. Жаңа орынбасар облыстағы инвестициялар, кәсіпкерлікті және арнайы экономикалық аймақты дамыту мәселелерімен айналысады.
Бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған Шаяхметов 1990 жылы 2 мамырда Алматы қаласында өмірге келген. Техас университетін «Мұнай-газ ісі» және «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Қытай-Европа халықаралық бизнес мектебінде МВА дәрежесін алған, сондай-ақ,Tufts University құқық пен дипломатия саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Түрлі жылдары Атырау облысындағы «Болашақ» зауытында механиктің көмекшісі, Caspi Meruerty Operating Company B.V. компаниясында экономист, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, Сәкен Шаяхметов - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың ұлы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024