Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Hikma Pharmaceuticals Алматыда фармацевтикалық зауыт ашады

Hikma Pharmaceuticals Алматыда фармацевтикалық зауыт ашады
Hikma Pharmaceuticals  трансұлттық компаниясы Алматыда фармацевтикалық  препараттар шығаратын зауыт ашуға дайын. Компания өкілдері бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі  Әсет Исекешевпен кездесуінде айтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен. Халықаралық GMP стандарттарына сай кәсіпорын құрылысын ағымдағы жылы бастау көзделген. Өнім ішкі нарықпен бірге ТМД, Орталық Азия және Шығыс Еуропаға шығарылмақ. Жобаны жүзеге асыру шешімі - бұл әлемдегі фармацевтика өнімдерін шығаратын ірі компанияны Қазақстанға тарту бойынша көпжылдық келіссөздердің нәтижесі, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Компания қант диабетін, орталық жүйке жүйесін емдейдін дәрілер мен антибиотиктерді өндіруді жоспарлап отыр. Жобаға құйылған шетелдік инвестиция көлемі 11 млрд. теңгені құрайды. 300 жұмыс орны ашылады. inform.kz

Похожие материалы