5 желтоқсан күні Алматыда Home Credit Bank Қазақстандағы ең үлкен бөлімшесін ашты. Ол Шашкин көшесі, 1/1 мекенжайында орналасқан банктың сегіз қабатты жаңа штаб-пәтерінің бірінші қабатында орналасқан. Алматыда ашылған тоғызыншы бөлімшенің қызыл лентасын Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров пен Алматы филиалының директоры Кирилл Гусев салтанатты түрде қиды.
Біз Алматыдағы қызметімізді кеңейтіп, қала тұрғындарымен және кәсіпкерлермен жұмысымызды нығайтқаныма қуаныштымыз. 19 жыл ішінде Home Credit Bank-тің Қазақстандағы клиенттерінің саны 5 миллионнан асты. Бүгінгі күні бізде 1 миллионнан астам белсенді клиент бар, олардың 90%-дан астамы банктің екі немесе одан көп өнімін пайдаланады. Бұл қазақстандықтардың әртүрлі қаржылық мақсаттар үшін Home Credit Bank-ті таңдағанын көрсетеді. Біз сонымен қатар депозиттік портфельдің өсуін және Алматыдағы несие беру көлемінің артуын атап өтеміз. Биыл біз туризм сегментінде 10 миллиард теңгеден астам несие бердік, бұл банктің бүкіл тарихындағы рекорд, — деді Кирил Бачваров салтанатты ашылу кезінде.2024 жылы банк Қазақстан бойынша 10 бөлімше ашқан. Қазіргі уақытта Home Credit Bank-тің ел көлемінде 200-ден астам бөлімшесі мен микроофистері бар. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жалпы банктің активтері 1 триллион теңгеден асып, жыл басынан бері 200 миллиард теңгеге өсті. Банктің ссудалық портфелі 142 миллиард теңгеге артып, 756 миллиард теңгені құрады. Қазан айының қорытындысы бойынша клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) салымдарының көлемі 514,7 миллиард теңгеге жетіп, жыл басынан бері 148,7 миллиард теңгеге өскен.
— Желтоқсанның соңына дейін біз Алматыда тағы бір бөлімшені, Розыбакиевтегі Mega СОО-да ашамыз. Бәрі онлайнға көшіп жатқанда, біздің жаңа бөлімшелер ашуымыз біртүрлі көрінуі мүмкін. Бірақ біз клиенттеріміздің дәстүрлі қызмет көрсету мен адами қарым-қатынасқа деген қажеттілігін көріп отырмыз. Егер оларға жақын жерде банк бөлімшесі қажет болса, біз оны ашуға дайынбыз, — деп сендірді Кирил Бачваров.