II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапониядағы экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидалары
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық-экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой-өрісінің қайта қалыптасуын талап етеді. Қазақстанда жүргізіліп отырған экономикалық реформалар (құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік) азаматтық айналыс пен шаруашылық жүйесіндегі құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайларды өзгертті. Экономикалық тұрақтану мен одан әрі дамуы барысында экономиканы мемлекеттік реттеу белсенді ықпал етеді. Тиімді экономиканың моделін жасаушы және көрнекті маман Клас Эклунд «таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және болған да емес» - деп тұжырым жасаған. Яғни мемлекет нарықтық экономика жүйесінде болса да, мемлекет оны үнемі реттеп отырады.
Біз өзіміздің мемлекеттік реттеуімізді тиімді жүргізуіміз үшін, ең алдымен, шет елдік тәжірибесін зерттей отырып, өзіміздің экономикамыздың дамуын қамтамасыз ететін экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін құруымыз керек. Бірақ басқа елдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесін оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны біздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшіріп алу емес.
Осындай тәжірибесі мол және дамыған мемлекеттердің қатарында Жапония жатыр. Бұл мемлекеттің экономикалық дамуы басқа мемлекеттерде және біздің елімізге ықыласқа сай үлгі.
II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапониядағы экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидалары.
Жапонияның соғыс жылдарынан кейінгі кезеңде экономикалық дамуы туралы айтарда «Мемлекеттік бақылау» терминің қолдану дұрыс емес. Соғыс жылдарынан кейінгі кезеңде экономиканың қарқынды дамуына елеулі ықпал еткен ең алдымен Жапонияның нарықтық экономика механизміне сүйену әсерінен болды. Және де осы жерде ең басты мәселе болып жеке секторларды инвестициялау болды. Ал мемлекеттің басты міндеті осы бағытты дамытуға қолайлы жағдайлар жасау болды.
Соғыстан кейін қатты құлдыраған Жапонияның экономикасы елуінші жылдары қалпына келгеннен кейін, үкімен ұзақ мерзімді стратегияларды дамытуға мүмкідігі туды. Әсіресе, ұлттық табыс мөлшерін екі еселеу басты мақсатқа айналды.
Соғыстан кейінгі жылдардың басында Жапонияда капитал жетіспеушілігі кең етек алды. Бірақ соған қарамастан экономиканың жедел қарқынмен дамуы шет ел капиталының есебінен емес, Жапонияның ішкі қорланған капиталы арқасында болды. Кедей жапондықтар өз жинақталған қаражаттарын банктер мен басқак да қаржылық институттарға алып барулары үшін, оларға деген сенімділік туғызу қажеттілігі туды. Дәл осы мәселені шешуге Жапония үкіметі ат салысты. Ақшаларын жаңа құрал-жабдықтар, техника сатып алуға жұмсайтын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер жүесі құрылды.
Бір жағынан, үкіметтің тұтыну шығындары қысқартылса, екінші жағынан – мемлекеттік инвестициялар көбейіп, қаржылық инвестициялар мен несиелер көп қолданылды. Жапония экономикасы біршама тұрақтанғаннан кейін, мемлекет теңестірілген бюджет саясатын жүргізуге тырысты,яғни мемлекеттік бюджетті тұрақтандыруды көздеді.
Соғыс аяқталған соң Жапония экономикасы қиын кезеңдерді бастан кешірді. Соғыс салдарынан мемлекет өзінің материалдық жағдайының 40 % -нан айырылуы, ауыр өнеркәсіп жабдықтарының 30 % жоғалып, Нагасаки және Хиросима атом бомбалауынан толығымен жойылып кетті. Тауар мен материал, азық-түлік жетіспеушілігі жалпыға бірдей сезілді. Инфляция 50 %-ға дейін жетті. Жапондық иен курсы американ долларына шаққанда әлдеқайда төмендеп, құлдырай түсті. Көптеген кәсіпорындар жабылып қалды.1946 жылы өнеркәсіп өнімнің деңгейі соғысқа дейінгінің 14% құрады.1945 жылдан 1947 жылдар аралығында қағаз ақша саны 4 есе өсіп кетті. 1945 жылы жұмысшылардың жалақысы соғысқа дейінгі деңгейдің 13% құрады. Барлығын қайтадан, жаңадан бастауға тура келді.
1947 жылы оккупуляциялық әкімшілік жаңа Жапондық Конституция даярлап шығарды.
Жапония экономикасының соғыстан кейінгі дамуы 3 кезенге бөлінді.
1-кезең: (1945-1960 жж.) экономикасының түбегейлі өзгеруі, әлемдік экономикада АҚШ-тың басымдығы. 1950 жылдардан Жапония экономикасының орташа жылдық дамуы 9,2 % болған.
1949 жылы салық жүйесінде реформа жүргізілді. Жалпы алғанда салықтар көтерілді, тек корпорацияларға салынаиын салық төмендетілді, басқару әкімшілік аппараты қалыпқа келтірілді, мемлекеттік бюджет шығыстары қысқартылды. Өз ішінде ғылыми-техникалық базаның жоқтығынан Жапония алдыңғы қатардағы технологияларды шет елдерден алып, оларды өндірісінд тиімді де қолайлы етіп жетілдіріп отырған.
Банк жүйесі секілді саясаттардың басымды бағыттарын мемлекет бақылап отырған.
Жапония экстенсивті үлгісі өте жоғары көрсеткіштер көрсетті.
50-жылдардың ортасынан бастап Жапон экономикасының өсуі жылдам қарқынмен өрлеуге бет алды, осы кезеңнен бастап «Жапондық ғажап» өз бастамасын көрсете бастаған болатын.
2-кезең: (1970 ж.) жапония экономикасында айтарлықтай құрылымдық өзгерістер орын алды.
1951-1970 жж. аралығында өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық көлемі 15,2% құраған, ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төмендегідей болатын, мысалы: ФРГ мен Италияда - 7,4%, Францияда - 6,2%, АҚШ-та - 4%, Англияда - 3%.
1969 жылы Жалпы Ұлттық өнім көлемі бойынша Жапония АҚШ-тан кейінгі әлем бойынша 2-ші орынға ие, ал 1970 жылы Жапония әлемдік экспортта 4-ші орынға шықты.
Жапонияның ірі державаға айналуына біршама факторлар әсер етпей қоймады. Олар ең алдымен:
- Энергоматериалды азайту арқылы өндірісті белсендіру;
- Электроника және технология салаларын толықтай игеру;
- Экономиканыреттеуші мемлекет ролінің өзгеруі, инфляция, ұлттық валютаның тұрақтануы, нарықтық механизмді құру секілді қосалқы әдістер арқылы экономиканы реттеу;
- Сыртқы экономикалық қатынастарда да көзге көрінер өзгерістер болды. Жапония шет елдерге ірі көлемдегі инвестиция құйып, экспортқа деген тәуелділігінен біртіндеп арыла бастады.
3-кезең: Интенсивті үлгіге негізделген экономиканың қарқынды дамуы, салық реформалары, өзіндік технологиялық жетістіктер.
Жапонияның сыртқы экономикалық қатынастарының дамуына төмендегі факторлар әсер етті:
- Ғылыми-техникалық өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен пайдалану;
- Өндірістің орталықтануы мен шоғырлануын мемлекеттің реттеуі;
- Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал көлемінің көбеюі;
- Жапония менеджментінің сырттан келетін импортқа бейімделуі;
- Қорғаныс пен қаруландыруға қаржыныңаз бөлінуі;
- Ұлттық кірісті мемлекет саясатымен қайта қарауы.
Осының арқасында Жапония аз уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс Азия, Австралия және Жаңа Зеландияның нарық жүйелерін кеңінен басып алды.
Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекет тарапынан реттеу.
Жапония сыртқы байланыстарын мемлекет тарапынан реттеуі кезінде негізінен басқа да дамыған мемлекеттердің қағидаларына ұқсас саясатты ұстанады. Сыртқы байланыстар аясына араласуындағы мемлекеттің басты міндеті – мемлекеттің дамуына ықпал ететін қолайлы сыртқы жағдайлар қалыптастыру. Сыртқы байланысарды реттеудегі мемлекеттің басты міндеттері келесілер:
- кәсіпорындар мен фирмаларға сыртқы экономикалық қызметті жүргізуге тиімді құқықтық негіз бен ұйымдық құрылым жасау;
- мемлекеттің тауар және төлем баланстарының бірқалыптылығын қамтамасыз ету;
- ұлттық влютаның курсын тұрақтандыру;
- сыртқы экономикалық операцияларды жүргізуге кедергі болатын кедергілерге жол бермеу;
- басқа мемлекеттердегі негізгі әріптестермен саудалық қарама-қайшылықтарды жою;
- сыртқы экономикалық байланыс қатысушыларына қажетті кепілдіктерді беру және т.б.
Осы саладағы мемлекеттің басты бағыты сыртқы экономикалық қызметте ұлттық приоритеттерді анықтау және қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін стратегияларды ұсыну.
Сыртқы экономикалық қызметтерді тиімді жүргізу үшін мемлекет түрлі тікелей және жанама әдістерді қолданады. Бірақ Жапония үкіметі соңғы онжылдықта экономиканың көптеген салаларына қатаң бақылау жүргізбей, нарықтың өзін-өзі реттеу принципін қолдануда. Әрине, бұндай өзгерістер, яғни мемлекеттік бақылау тетіктерінің ауысуының негізгі критерийі - экономикалық тұрақтылық. Мемлекеттік реттеу тәжірибесіне бақылаудың регистрационды қағидаттары кеңінен енгізілуде. Дәстүрлік сауда саясатының элеметтерін жедел демонтаждау мақсатында үкімет, еркін сауда принциптеріне қайшы келетін әкімшілік әдісті қолдану Жапония мемлекеттік реттеуіне белгілі дәрежеде өзгерістерге алып келді.
Мемлекеттік реттеудің құқықтық негізі ретінде заңдық және нормативтік актілер жүйесі ұсынылған. Олар мемлекеттің сырқы және ішкі өзгерістерін ескере отырып үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл жүйеге негізгі заңдар (мысалы, валюта айырбасы мен сыртқы сауданы бақылау туралы заңы), министрлер кабинетінің өкімдері, сырқы экономика аясына жауап беретін министірліктер мен мекемелердің инструкциялары, әр түрлі ережелер кіреді.
Импортты реттеу.
Жапонияда импорт мемлекет тарапынан үнемі бақыланып отырған. Себебі Жапония мемлекетінің экономикасы сырттан, шетелден тартылған шікізат пен материалдарға тәуелді. Бұл ресуртардың қажетті салаларға бағытталу мақсатында мемлетет импортты қатаң бақылауға алып отырған. Соғыстан кейінгі жылдарда Жапонияда өндірілетін тауарларға шет елдік бәсекелестік болмауы үшін мемлекет қатаң протекционисттік саясат қолданып отырған. Бірақ жапондық кәсіпорындардың жедел қарқынды дамуы, бәсекеге қабілетті тауар өндіруі бул саясатты жүргізбеуге мүмкіндік тудырды.
Жапонияның импорттық құрылымы басқа дамыған мемлекеттерге ұқсас. Қазіргі кезде Жапонияға тауар кіргізу үшін көп жағдайда лицензия алу шарт емес. Бірақ Жапония тауарларды қатаң кедендік бақылаудан өткізеді.
Жапонияның кедендік тарифі төрт түрлі ставкалардан тұрады:
- Баждардың жалпы ставкалары;
- ГАТТ ставкалары;
- Преференциалды ставкалар;
- Баждардың Заңды түрде енгізілген уақытша ставкалары.
Жапонияның бюджет жүйесі.
Жапонияда мемлекет өмірін қамтамасыз етуші бірнеше бюджеттер қалыптасқан. Олар: орталық бюджет, инвестициялық бюджет және бірнеше арнайы шоттар.
Орталық бюджет табыстары салықтық және салықтық емес түсімдердің есебінен құралады. Салықтардың айтарлықтай қомақты қаржыны жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың табыс салығы береді (шамамен 40%).
Бюджет табысының салықтық емес түсімдеріне жататындар: мемлекеттік кәсіпорын қызметтерінен түсетін түсімдер, мемлекеттік меншікті сатудан немесе жалға беруден түсетін түсімдер.
Орталық бюджет шығындары өзіне тән функционалдық белгілері бойынша құралады және мемлекеттің негізгі міндеттері мен қызметтерін көрсетеді.
Жапон экономикалық ғажабы.
Жапондық экономикалық ғажап өз бастамасын 50-ші жылдары-ақ көрсете бастаған болатын. Жапон ғажабының мәні неде? Бұл сұрақтардың жауабы келесі факторлармен анықталады:
- Шетел, соның ішінде америка көлігін жоғары, тиімді пайдалана білу;
- Негізгі капиталды жаппай жаңарту;
- Ішкі нарықты ұлғайту, соның ішінде аграрлық реформа есебінен;
- Шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктерді молынан пайдалану.
Сонымен қатар Жапон сарапшылары мынандай ерекшеліктерді атап көсетуде:
- Жоғары сапалы жұмыс күші, 1947 жылдың өзінде-ақ Жапонияда 9-жылдық ақысыз міндетті білім беру енгізілген. Кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесі құрылған;
- Жапон кәсіпкерлерінде кездесетін сирек ақыл-ой өрісі;
- Администрация мен персонал арасында үйлесімдік таба білген жалдамалы еңбектің дәстүрлі қалыптасқан жүйесі;
- Капитал жинаудың жоғарғы мөлшері;
- Жеке ғылыми-техникалық базаны дамытуға ұмтылыс.
Жапония тауарлары бәсекеге қабілеттілігі бойынша дүниежүзінде алдыңғы қатарларды алып отыр. Олардың бәсекеге қабілеттілігінің басты факторлары мыналар:
- өнім сапасын бақылаудың айрықша жүйесі;
- еңбек өнімділігінің өсімі;
- еңбек ету саласында түсінбеушіліктің болмауынан жұмыс уақытын жоғалту;
- жан басына шаққандағы табыс көлемінің өте жоғарылығы.
Қорытынды
Сонымен, Жапония мемлекетінің экономикасы соңғы елу жылдан астам уақытта өте жедел қарқынмен дамып, өз жетістіктерін ары қарай жалғастыруда. Әрине, оның осындай жетістіктерге жетуі мемлекет тарапынан ықпалынсыз болмауы да мүмкін еді. Себебі мемлекет барлық елдегі жағдайды бақылап, приоритетті салаларды дамытып, қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етіп, қоршаған ортаны қорғап, бүкіл экономиканы тұрақтандырады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда өндіріс салаларын дамытуға мүмкіндік беретін инвестицияларға қажеттілік жоғары болып отыр, яғни қажетті қаражаттар жетіспейді. Инвестицияларды тартуға мемлекет белгілі дәрежеде ықпал етуде. Сонымен қатар қазіргі кезде Қазақстан Жапония сияқты жеке секторларды, яғни жеке кәсіпкерлікті қолдап отыр.
Қазіргі кезде Қазақстан экономиканың ұзақ уақыт бойынан құлдырауынан экономиканың өсу кезеңіне қарай бет бұрды. Осындай кезде өрлеуді қамтамасыз ететін ұзақ мерзіді даму стратегияларын қалыптастыру мәселелері бірінші орында тұр. Дәл осы бойынша Қазақстанға Жапон елінің тәжірибесінен сабақ алуына болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024