Инновациялық процестерді қаржыландыруда венчурлық инвестициялардың рөлі
Қазіргі әлемде инновациялық іс-әрекет бәсекеге қабілеттілікті арттырудың, өндірістің ғылым сыйымды салаларын көтерудің факторы ретінде қарастырылады, және актуалды мәселе болып отыр. Қазақстан өнеркәсібі жаңа технологиялар сферасында, оны жүзеге асыру механизмінде инвестицияларды белсендіруге тәуелді.
Мемлекеттік инновациялық сатясаттың басты бағыты қаржылық ағымдарды реттеу болып табылады. Инновациялық іс-әрекеттің қаржылық механизмі өнеркәсіптің инновациялық-технологиялық дамуының стратегиялық және тактикалық мақсатына жетуге бағытталуы тиіс.Қаржылық саясат келесі міндеттерді шешуі тиіс:
а) кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету;
ә) кәсіпорындарды тиімді басқару механизмдерін жасау;
б) кәсіпорындардың қаржылық құралдарын тартудың рыноктық механизмдерін пайдалануы.
Қаржыларды тиімді басқару жүйесін жасау кәсіпорынның инновациялық дамуында мүдделер сәйкессіздігі, жеткіліксіз ақша қаражаттары, төлем қабілеттілігінің болмауы сияқты проблемалар туындайды. Сондықтан да өнеркәсіп салаларының инновациялық-технологиялық дамуында маңызды мәселе ресурстарды іздеу және тиімді орналастыру болып табылады.
Қазіргі қазақстандық технология мен өнеркәсіптің масштабы мен жағдайы көрсетіп отырғандай, бұл экономикалық мәселені тек бюджеттік қаржыландыру арқылы шешу мүмкін емес. Сонымен қатар кәсіпорынның өзінің жеке қаражаттары да қаржыландыру үшін жеткіліксіз.
Көптеген дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, инновациялық жобаның бастапқы стадиясында қаржыландырумен венчурлық қорлар –инкубаторлар, мемлекеттік венчурлық немесе инновациялық қорлар сияқты стратегиялық серіктестіктер айналысады. Инновациялық жобаларды қаржыландыруға коммерциялық банктер тек соңғы стадияда, яғни жасалымдар барлық кезеңдерден өткенде, рыноктық өнім деңгейіне шыққанда ғана қосылады. Сондықтан республиканың коммерциялық банктері жоғары тәуекелділік пен инновациялық жобалардың соңғы нәтижесінің белгісіздігіне байланысты қаржыландыру субъектісі ретінде бұл процестен алынып тасталды. 2003-2015 жж. индустриалдық инновациялық стратегияда инновациялық қайта құрылымдауды қаржыландырудың альтернативті көзі ретінде венчурлық инновациялық қорлар (венчурлық капитал) құру қажеттігі айтылған.
Бүгінгі ақпараттың, ғылым мен техниканың, технологияның қарқындап жатқан дәуірінде инновация - дамудың орталық мәселесіне айналып отыр. 2003 жылы ел Президентінің жарлығымен қабылданған дамудың инновациялық жолын таңдау туралы бағдарламаға сәйкес инновациялық іс-әрекетті қалыптастыруда қаржының мәні зор екендігі белгілі.
Қаржы жүйесінің технологиялық даму динамикасына әсері көптеген уақыттар бойы экономикалық теорияда зерттеу пәні болып келеді. Дж. Хикстің кітабында жазылғандай, Британиядағы өнеркәсіптік революция қаржы жүйесінің дамығандығының арқасында ғана жүзеге асқан. Көптеген жаңа технологиялар капиталдың жетіспеушілігіне байланысты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ете алмайды және тек капитал рыногының дамуы ұйымдық қорланудың пайда болуына, сондай-ақ өнеркәсіптік реаолюцияның және онымен байланысты экономикалық өсуге жол ашты. қаржы жүйесі мен экономикалық даму динамикасы арасындағы тығыз байланыс инвестициялық инновациялық процестерді қаржыландырудың нақты механизмдері, оның ұлттық қаржы секторымен өзара байланысы мен ерекшелігі туралы мәселені алға тартады. Ал инвестициялау масштабы капиталдың шекті тиімділігінің динамикасы мен пайыз нормасы арасындағы қатынасқа тәуелді.
Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, дұрыс таңдалған инновация кез келген салада өз жемісін береді. Мысалы білім беру, денсаулық сақтау, банк жүйесі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы. Алайда кез-келген инновациялық процесс сәтті аяқтала бермейді. Ал Қазақстанның жағдайында инновацияның қажеттігі экономиканың кез келген саласының өңдеу жүйесінен көрініп отыр. Өйткені экономикамызда біраз жылдар бойы үстемдік еткен дамудың шикізаттық бағыты соңғы жылдары өзінің тиімсіздігін, болашағының жоқтығын, жақын арада экономиканың дағдарысқа ұшырау ықтималдығын, ресурстардың шектеулі екендігін еске түсірді.Осы орайда 2003 жылы 30 мамырда “Инновациялық қызмет туралы” Қ.Р. Үкіметінің қаулысы, сондай-ақ 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық Даму Стратегиясы қабылданды. Қаулы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған, 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен “Ұлттық инновациялық қор” акционерлік қоғамы құрылды. Қордың акционері Қ.Р. Үкіметі болып табылады. Қ.Р. “Акционерлік қоғамдар туралы” Заңына сәйкес Қордың акция шығаруының мемлекеттік тіркелуі жүзеге асты және Ұлттық банктің куәлігі алынды. Қор қызметінің мақсаты – елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу. Қ.Р. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қ.Р. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Қор акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын тапсырған.
Қазірде инновациялық қызмет субъектілерімен , инвесторлармен қарым қатынас қалыптастыру, дамудың басқа да мемлекеттік институттарымен іс-әрекетті сәйкестендіру жұмыстарын дамыту өте маңызды. Сондай ақ венчурлық қаржыландырудың нысандары мен тетіктеріне , ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтерінің қызметіне байланысты талдамалық зерттеулер, инновациялық қызметтің мәселелерін реттеп жүйелендіруді жолға қою қажет. Қордың қызметінің негізгі бағыттарының бірі – венчурлық қорларды құруды жүзеге асыру мақсатында халықаралық инновациялық қызметке талдау және венчурлық қорлардың қазақстандық инвесторларының әлеуетіне бағалама жасалды. Жасалған талдаулар қазіргі кезде венчурлық қорларды құру жөніндегі әлеуетті инвесторлары мен серіктестері халықаралық қаржы ұйымжары, ірі корпорациялар, сондай-ақ отандық қаржы институттары мен өнеркәсіп компаниялары бола алатынын көрсетті.
Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржыландыру проблемасының шешімі бүгінде көптеген елдерде венчурлық инвестициялау механизмі болып отыр. (ағылшын тілінен venture – тәуекелді кәсіпорындар деген мағынаны береді) Венчурлық инвестициялау – белгілі уақыт ішінде жоғары пайда алу мақсатында жаңа және тез дамушы, тәуекелі жоғары компанияларға ұзақ мерзімді капитал салымдары. Бұл қаржыландыру түріне «жоғары пайда – жоғары тәуекел» сипаты тән. Бұл – бизнесті басқару тәжірибесін алмасу және жобаларды басқаруда инвестордың қатысуы басты роль ойнайтын нағыз жаңа экономикалық қатынастар болып табылады.
Тікелей жеке және венчурлық инвестициялар индустриясында компанияда инвестицияның бөліну процесі келесі сатылардан өтеді:
1.«Ерте» (Seed) - компания құрылу сатысында болады, қолда тек жоба немесе бизнес-идея ғана бар, басқару командасын құру процесі жүреді.
- «Бастапқы, старттық» (Start-up)- компания жақын арада құрылған, тәжірибелік үлгілері бар, өндірісті және өнімнің рынокқа шығуын ұйымдастыруға тырысады.
- «Ерте өсу» (early stage, early grouth)- компания дайын өнім шығарады, коммерциялық өткізуді жүзеге асырады, алайда әлі де тұрақты пайда жоқ.
- «Ұлғаю» (expansion)- компанияның рынокта белгілі позициясы бар, пайда алу жоғарылауда, өндіру мен өткізуді ұлғайтуды, қосымша маркетингтік зерттеулер жүргізуді, негізгі қорлар мен капиталды көбейту қажеттігі туындайды.
- «Шығу» (exit) - компанияның дамыған кезі, бұл кезеңде акцияларды стратегиялық инвесторларға сату немесе қор рыногына алғашқы орналастыру жүзеге асады.
Seed кезеңі тіпті венчурлық инвесторлар үшін де тәуекелділігі өте жоғары.
Шағын инновациялық кәсіпорындар венчурлық капитал салуға өте ыңғайлы, өйткені олардан жоғары тәуекел кезінде жоғары пайда алу мүмкіндігі бар. 1950-60 жж. венчурлық капитал Силикон жазығы компаниясының өсуінің басты қозғаушысына айналды. Соңғы 30 жылда венчурлық капитал мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашты, компьютерлік индустрия мен биотехнологияның дамуының негізгі қозғаушы күші болды. Венчурлық капиталдың арқасында DEC, Apple, Compaq, Sun, Microsoft, Intel, Silicon Graphics, Google, Skype сияқты компаниялар пайда болған.
Сонымен венчурлық қордың негізгі мақсаты – инвестицияланған компаниялардың капиталдануын өсіру болып табылады. Мемлекет міндетіне венчурлық қор үшін адекватты ұйымдық-құқықтық форма жасау да жүктеледі. Сондай ақ инновациялық компанияны инвестициялауға бағытталған арнайы жеңілдіктер жүйесін енгізуге де болады, мысалы акциялар сату кезінде салықтық жеңілдіктер.
Қаржылық және инфрақұрылымдық ынталандырудың барлық іс-шараларын тұтас үкіметтік органдар атқаруы тиіс. Олардың мақсатты тапсырмалары шағын инновациялық компаниялардың санын көбейту, оларға венчурлық инвестициялар салымдарының өсуі, рынокқа «сәтті» шығуды қамтамасыз ету, елдің ЖІӨ-дегі инновациялық өнім үлесінің өсуі.
Венчурлық капитал дамудың бастапы стадиясындағы, бизнестің кеңею немесе даму кезеңінде жеке компанияларға қаражат салу формасы және тікелей инвестициялау үшін капитал көзі болып табылады. Ол қарыздық міндеттемелер шығарумен немесе тікелей шеттен алып пайдаланумен айналыспайды, ол тек үлестік қаржыландыруды білдіреді. Венчурлық капиталдың инветорлары - венчурлық қорлар, инвестициялық компаниялар, пайлық инвестициялық және зейнетақы қорлары, ұжымдық инвесторлардың басқа да ұйымдары және өз капиталдарын тез дамушы фирмаларға салуға дайын физикалық (жеке) тұлғалар.
Венчурлық қаржыландырудың ерекше белгісі – инвестордың салған қаражаттарының қайтарылмай қалуы жағдайындағы тәуекелдің келісім шарт негізінде бекітілуі. Сондай ақ венчурлық бизнеске жойылмаушылық, ағымдағы рыноктық бағаны анықтаудың күрделілігі, табыстылық және жүзеге асырылатын венчурлық жоба тәуекелі туралы ақпараттардың шектеулілігісияқты қасиеттер тән.
Қазіргі уақытта Қазақстанда венчурлық индустрия енді даму үстінде. Алғвшқы венчурлық қорлар Ұлттық инновациялық қордың бастамасымен 2004 жылы құрылған болатын. Қазақстанда сәтті венчурлық индустрия құру үшін:
- венчурлық іс-әрекетке қатысты қандай да бір арнайы талаптар енгібеу, мысалы лицензиялау.
- венчурлы қор құру, венчурлық капиталды біріктіруге байланысты ұйымдық құқықты заңнама қажет;
- венчурлық инвестордың венчурлық жобадан шығуы кезінде оның табысына салықтық жеңілдіктер орнататын заңнаманың қажеттігі.
Венчурлық рынокты мемлекетік реттеу механизмі отандық венчурлық бизнесті дамытудың келесі алғышарттары мен қажетті жағдайларды қарастыру қажет:
- потенциалды институцияоналдық инвесторлар қолында (венчурлық қорлар, сақтандыру компаниялары) жеткілікті еркін капиталдарының болуы;
- жоғары коммерциялық потенциалды отандық венчурлық жобалардың пайда болуы;
- венчурлық қаржыландыруды қажет ететін фирмалар мен капитал арасында байланыстырушы ролін атқаратын кәсіптік менеджерлердің болуы;
- венчурлық жобаларды іске асыратын фирма тауарларын потенциалды қабылдайтын, сыйымдылығы үлкен, төлемқабілетті тұтыну рыногының болуы.
Венчурлық индустрияның келесі құрылымдармен байланысы қамтамасыз етілуі тиіс:
- елдің ірі кәсіпорындармен – яғни шағын инновациялық компаниялардың өнімдерін потенциалды тұтынушылармен;
- технопарктермен және бизнес-инкубаторлармен – яғни венчурлық инвестициялаудың реципиент-компаниялардың құрылу ортасымен;
- тікелей жеке инвестициялар секторымен.
Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асырудағы екінші деңгейлі банктердің ролі жөнінде өткізілген дөңгелек стол барысында отандық банктерге еліміздегі венчурлық бизнесті дамытуға қатысулары туралы ұсыныс жасалды. Қазақстанда банктің қатысуымен венчурлық қор құруда жүзеге асқан үлгі бар. Қор “Тұран Әлем секьюритис” АҚ бірлесе отырып инновация мен жоғары технологияны қаржыландыру жөнінде венчурлық қор құрды, ол Әділет министрлігі органдарында2004 жылы 26 мамырда тіркелді.
Әлеуетті инвесторлар тарту мақсатында шетелдерде презентациялар, мониторингтер жариялау қажет. Дамушы елдерде венчурлық қорлар құрған қаржылық институттар (мысалы халықаралық қаржы корпорациясы, Қайта жаңарту мен дамытудың Еуропалық банкі және т.б.) қатысатын болса, венчурлық өнеркәсіпке инвесторлардың сенімін арттырады, венчурлық қорларды басқару ісінде озат тәжірибені игеруге көмек жасайды.
Ұлттық инновациялық қордың негізгі міндеттері:
- отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп венчурлық қорлар құру, инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
- гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиімділігі мен технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан әлеуетті перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, жұмыстарды, тауарларды, қызмет көрсетулерді құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжіибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;
- инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгіуді қаржыландыру;
- ұлттық инновациялық инфрақұрылым (технополистер, технопарктер, бизнес инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерін құруға қатысу;
- инновациялық технологияларды көшіру, қарызға алу, өсіру, оларды коммерцияландыру және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 30 жлтоқсандағы Байланыс пен хабар таратудың ұлттық геостационарлық серігін жасау мен ұшырудың кейбір мәселелері атты қаулысына сәйкес 2004 жылы басымдық бағыттар ретінде мыналар таңдалды:
- өлшеуші техника, электроника және прибор жасау;
- ақпараттық жәнетелекоммуникациялық технологиялар;
- машина жасау және механотроника;
- жаңа материалдар мен нанотехнология;
- баламалы энергетика;
- биотехнология және фармацевтика;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өңлеу.
Сонымен қатар, ғылыми техникалық өнім рыногының қалыптасуына стандарттау процестеріне және интеллектуалдық меншікті қорғауға, жәрдем көрсетуге, осы құқықтарды қорғауға кәсіпкерлерге көмек көрсету жүйесін құруға бағытталған мемлекет саясатын жүргізу қажет.
Жалпы, бәсекеге қабілетті инновацияларды бағалаудың қаржылық критерийі келесілерден көрінеді:
- инвестициялар мөлшері (өндіріске, маркетинг жұмыстарына, ҒЗҰКЖ жобаларына)
- потенциалды жылдық табыс мөлшері;
- күтілетін таза табыс нормасы;
- ұйымда қабылданған капитал салымының экономикалық тиімділігі критерийіне жобаның сәйкес келуі;
- жобаны жүзеге асырудың бастапқы шығындары;
- қажет сәтте қаржының қолда болуы;
- қабылданған жобаның басқы да қаржыны қажет ететін жобаларға әсері;
- жобаларды қаржыландыру үшін қарыз капиталын (несиені) тарту қажеттігі және оның инвестициядағы үлесі.
Инновациялық жобаны жүзеге асыру кәсіпорынның инвестициялық, құрылымдық және ғылыми-техникалық саясатының өзара тығыз байланысын талап етеді. Алайда инновациялық жобаны енгізу ең алдымен кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты.Сондықтан да инновациялық жобаны бағалауда және қаржыландыруда оны таңдауда инновациялық жобаның тиімділігінің мынадай көрсеткіштеріне аса назар аудару қажет:
- коммерциялық (қаржылық) тиімділік, бұл оның тікелей қатысушылары үшін жобаны жүзеге асырудың қаржылық салдарларымен түсіндіріледі;
- бюджеттік тиімділік, бұл мемлекеттік және жергілікті бюджеттер үшін жобаны жүзеге асырудың қаржылық салдарларымен түсіндіріледі.
Инновациялық жобаларды енгізуде қаржыға қатысты мынадай тәуекелдер туындайды:
- рыноктық конъюнктураның, бағаның, валюта курстарының тербелмелілігі;
- кәсіпорын-қатысушының іскери және қаржылық жағдайы туралы ақпараттың толық және анық еместігі (банкроттықтың, кәсіпорынның сыртқы қарыздарының, келісім шарт міндеттемелерінің орындармау мүмкіндігі)
Ұлттық инновациялық қордың мақсаты инновациялық белсенділікті арттыруға, жоғары технологиялы және ғылым сыйымды өндірісті дамытуға бағытталады. Ұлттық инновациялық жүйені дамыту мен құруға байланысты қорға мынадай қызметтер жүктеледі:
- инновациялық дамуды институционалды қолдау;
- инновациялық процесті қаржылық қамтамасыз ету.
Венчурлық қаржыландыру институттарын құру Қазақстанда білім мен ғылымның жүйелік өзара байланысының алғышарты болуы тиіс. Осы бағытта инновациялық қор белсенді жұмыс істеуде. Бүгінде инновациялық қор отандық 5 венчурлық қор құрды. Олар:
- Тұран Әлем банкімен бірлесе отырып құрылған “Әрекет” жоғары технологиялар қоры. Жарғылық капиталы – 5 млн. АҚШ долларын құрайды, қордың үлесі – 2,4 млн. АҚШ доллар.
- “Lancaster Group” ЖШС-мен бірлесе құрылған “Адвант” венчурлық қоры. жарғылық капиталы - 20млн. АҚШ доллары, қордың үлесі 9,8 млн. долларды құрайды.
- “Сентрас капитал” ЖШС-мен құрылған “Сентрас венчурлық қоры.” Жарғылық капиталы – 20млн. доллар, қордың үлесі – 9,8 млн. долларды құрайды.
- Қ.Р. халықтық жинақ банкі АҚ-мен құрылған “Halyk Private Equity”акционерлік қоғамы. Жарғылық капиталы 20 млн. доллар, қордың үлесі 9,8 млн. доллар.
- “Глотур технологи” АҚ-ы Жарғылық капиталы 20 млн. долллар, қордың үлесі 9,8 млн. доллар.
Соңғы мәліметтер бойынша қор 3 шетелдік венчурлық қорлардың акционері болды. Біріккен венчурлық қорлар құрудағы мақсат - әлемдік алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларға шығу, білім, тәжірибе, технология алмасудың ашық жүйесіне ену. Әлемнің алдыңғы қатарлы венчурлық қорларымен жұмыс істей отырып, біз шетел инвестоларының қаржылық капиталын тартуға ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялы компаниялармен біртұтас жүйе құруға және Қазақстан ғылымы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ұмтыламыз. Қазіргі кезде хабар таратудың серіктік жүйесі мен қазіргі заманға проекциялық және дыбыстық жабжықтардың мүмкіндіктерін біріктіретін және Қазақстанның барлық аумағында әсіресе селолық жерлерде кинофикацияның сандық жүйесін халыққа жаңа сапалы деңгейде көрсететін фильмдерді телекөрсетулердің жоғары технологиялық қиыстырылғансеріктік жүйесін енгізу жөнінде “Жарық” ЖШС “Телекөрсетулердің сандық серіктік жүйесі” жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылданды.
Ал, ел өнеркәсібінің әртүрлі салалары үшін жылу қуат қондырғыларына қажетті сұйықтықтарды экологиялық таза әрі қауіпсіз жылыту жүйесін жасау жобасының құны – 52 мың АҚШ долларын құрайды.
Заңдылық деңгейінде мемлекеттік даму институттарының қаражатына жасалған технологиялар трансферті процестерінің тәртібін нақты етіп белгілеу, жасалған интеллектуплдық меншікке қатысушылардың құқықтарын нақтылау қажет. Ғылыми техникалық өнім рыногын қалыптастыру мақсатында қор интеллектуалдық меншікке қатысты мәселелер жөнінде кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде өз ұсыныстарын білдірді. Қор болашағы бар әзірлемелердің, инновациялық жобалардың деректемелік базасын қалыптастыратын және инновациялық қызмет субьектілері үшін оның ашық болуын қамтамасыз ететін болады.
Қазірде елімізде инновациялар қарқынды дамып жатыр деп айту әзірше біршама ерте, бұл әлі де елде инновациялық белсенділіктің, отандық тәжірибенің жоқтығынан болып отыр. Сондықтан да жаңалық ашуға қызығушылық білдірген тұлғалар арасында бәйге, жарыстар, конкурстар ұйымдастыру қажет. Ал қаржыландыру мәселесіне келсек, Стратегия бойынша қазір инновациялық жобалард ы нақты іске асыру кезеңі басталған тұста қаржы жұмылдыруды одан әрі арттыру қажет. Инновация – бұл үздіксіз жүруі қажет процесс. Сондықтан да қажет сәтте үзіліссіз тоқтаусыз қаржыландырылған жоба ғана өз жемісін берері сөзсіз, тек сол жобаның ішіндегі ең таңдаулысын, тиімдісін, бәсекеге қабілеттісін іріктеп алуда жаңылыспау қажет. Инновациялық процестердің кешенінің және инфрақұрылымының болмауы – басты мәселелердің бірі, ал бұл өз кезегінде қаржының жүйесіз, бей-берекет жұмсалуына әкеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Мерзімді басылымдар:
- Қаржы-қаражат журналы. 2005ж. №3. А. Ачурин. Некоторые проблемы инновационного развития РК. 67-76 беттер.
- Қаржы-қаражат журналы 2005ж 3. Т.Исахметов. Механизмы совершенствования инновационной политики в современных условиях. 77-81 беттер.
- Инновации журналы. 2006ж 1 (88) А.С. Семенов, А.И.Каширин. Венчурное финансирование инновационной деятельности. 29-37 беттер.
- Аль-Пари журналы 2006 2. Б.Ерешов. Принципы и тенденции развития инновационного процесса в современных условиях. 13-169 беттер.
- Инновации журналы 2005ж 3. Н.И.Иванова. Наука в национальных инновационных системах. 55-59 беттер.
- Инновации журналы 2005 3. А.И.Татаркин. Построение инновационной системы как условие обеспечения технологической модернизации экономики. 60-64 беттер.
- Аль-Пари журналы. 2006ж 3-4. У.Аманбаев. Актуальные проблемы индустриальо-инновационного развития РК. 38-39 беттер.
- Саясат журналы 2006ж 4. Н.Барлыбаева. Инновационное предпринимательство В Казахстане. 44-48 беттер.
- Транзитная экономика журналы. 2006 5-6. Основные тенденции инновационного развития Казахстана. 42-47 беттер.
- Егемен Қазақстан 2006ж 16-қыркүйек. Р.Алшанов. Жаңа экономика, инновация және бәсекеге қабілеттілік.
- Казахст.Правда. 2006ж 9-шілде. Р.Алшанов. Экономика Кахахстана: новые рубежи.
- Ақиқат журналы. 2005ж 10. Ғ.Қ.Әмрин. Инновациялық экономика құру.29-36 б.
- ҚазҰУ хабаршысы журналы 2005ж 6. Бимендиева Л.А. Развитие инновационной деятельности в экономике Казахстана. 96-98 б.
- Егемен Қазақстан газеті 206ж 8-қыркүйек. Бораш Қ. Инновация – жаңа экономиканың өзегі.
- Аль-Пари журналы 2006ж 2. Давильбекова Ж. Пути повышения эффективности экономического роста Казахстана. 7-8 б.
- Аль-Пари журналы. 2005ж 4. Дәулепова А.М. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың инновациялық факторлары. 37-41 б.
- ҚазҰУ хабаршысы 2005ж 6. А.С.Сахариева. Национальная инновационная система как институциональная основа информационного общества. 12-15 б.
- ҚазҰУ хабаршысы 2005ж 5. Ж.М.Садвакасова. Значение инновационного процесса в развитии национальной экономики. 43-47 б.
- ҚазҰУ хабаршысы 2006ж Б.С.Ергазин. Критерии классификации типов нововведений. 91-93 б.
- АльПари журналы 2006ж 3-4. А.Муканова. Анализ инновационного потенциала областей Казахстана. 187-193 б.
- Аль-Пари журналы 2006ж 1. Искалиев Е.С. Модели взаимодествия казахстанских институтов развития в рамках реализации Стратегии индустриально-инновационного развитиря Казахстана. 42-48 б.
- Аль-Пари журналы 2006ж 2. Ж.Садвакасова. Инвестиционно-инновационные процессы в обеспечении модернизации национальной экономики. 17-20 б. Банки Казахстана журналы 2006ж 4. Толыбаев А.Н. Институциональный механизм повышения инновационной активности в экономике Казахстана. 45-51 б.
Оқулықтар мен оқу құралдары
- Борисов. Экономическая теория. стр 246-254. М-99.
- Жатқанбаев Е.Б. Экономикалық теориядан практикалық оқу құралы. А-2005.
- Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе-2004.А.Г.Худокормов. История экономических учений. М-99.
Диссертациялар мен авторефераттар тізімі
1) Купешова С.Т. Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Р.К. А-2002. Диссертациялық жұмыс.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024