Instagram әлеуметтік желісі арқылы әйелдердің сөмкесін сатушыға кәсіпкерлік және басқа қызметтермен тіркеусіз айналысқаны үшін айыппұл салынады. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке Алматы қалалық мемлекеттік кіріс департаментінен хабарлаған.
Аты аталмаған сатушыны салық органы әлеуметтік желіні сараптау кезінде анықтаған. Бұдан кейін кәсіпкер ретінде тіркелгенін анықтау жүргізілген. Тексеру нәтижесі тәркіленген тауармен бірге Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік сотына жолданған.
Еске салайық, ҚР әкімшілік кодексінің 463 бабы бойынша тіркеусіз кәсіпкерлік және басқа да қызметтермен айналысқан жеке тұлғаларға он бес айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, заңсыз сатылымдағы тауар тәркіленеді.
Айта кетейік, салық органдары Instagram пен Facebook әлеуметтік желісіне 2015 жылдан бері мониторинг жасап келеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024