Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz – 5 сәуірде Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов италиялық делегациямен кездесті. Кездесу барысында екі тараптың экономикалық байланыстары талқыланды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Лаззат Тұрлашов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Ол италияндық кәсіпкерлермен кездесу одан әрі тиімді жобаларға ұласатынына сенім білдірді.
Кездесуге келген Италияның 4 ірі «INFORTRADE SRKS», «Garmet», «Brio», «Longo» компаниясының басшылары өздерінің айналысатын саласы, өндірісі, бағыт-бағдары мен жоспарлары туралы қысқаша баяндап өтті. Компаниялар қоқыс өңдеумен, жаңартылған энергия көздерін дамытумен, темір бұйымдарын шығарып, құрылыс жүргізумен, жеңіл өнеркәсіппен айналысаы. Олар Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытатындарын жеткізді.
Л.Тұрлашов Президенттің алдымызға қойып отырған ауқымды міндеттерінің бірі инвестиция тарту екенін айтты. Сонымен қатар, ол еуропалық кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін айтып, ресми қонақтардың істеріне сәттілік тіледі.