Қазақстандық өндірушілер алдағы уақытта материалды қайта өңдеуден өткізу қызметіне ақша төлеуі қажет. Осындай өзгеріс енгізуді көздейтін заң жобасы қазір мәжіліс қарауында жатыр, қарашада қол қойылуы мүмкін. Бұл туралы инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді.
"Зауыт өзі қайта өңдеуі немесе бұл қызметті қаржыландырып отыратын арнайы қорға төлем жасауы қажет", -деп атап өтті А.Рау. Оның сөзінше, норма барлығы үшін міндетті болады. Ал қайта өңделуі тиіс материалдар тізімін арнайы инфрақұрылым дайын болғанға дейін үкімет құрып отырады. Бірінші кезекте автомобиль доңғалағының тысы өңдеуге жіберіледі. Оның сөзінше, Қазақстанда 4 млн-нан астам көлік бар, олардың жартысына жуығы 18 жылға жуық пайдаланылған. "90-жылдары әкелінген көліктердің барлығын қайта өңдеуге жіберетін уақыт келеді. Бізге тек инфрақұрылымды және автотранспорт пен оның бөлшектерін қайта өңдеуден өткізетін жүйені дайындау керек", - деді А.Рау. Осыған дейін Қазақстандық автобизнес ассоциациясы ескі көліктерді қайта өңдеуден өткізу концепциясын құрғандығы хабарланған еді. Ассоциация президенті Андрей Лаврентьевтің сөзінше, аталған бағдарлама жылына 340 мың тонна қара металл және 35 мың тонна түсті металл алуға мүмкіндік береді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024