Әлемді аралап шығуға деген арманыңызға қаржылық тапшылық кедергі болса, саяхаттың дәл осы түрі сізге лайық. Тіпті диванда жатып-ақ, дүние жүзінің түкпір-түкпірін шарлауға болады. Каучсерфинг туралы 7kun.kz толығырақ түсіндіреді.
Каучсерфингтің пайда болғанына 10 жылдан астам уақыт болды. Кейси Фентан есімді америкалық студент Исландияны көруді армандаған. Қаржысы жеткілікті болмағандықтан, Исландия университетінің 1500 студенттеріне аз уақытқа баспанаға тұруға мүмкіндік беруін сұрап, электронды хат жібереді. Дегенмен табысқа жетеріне өзі де сенбеген. Бірақ оған бірден 50 адамнан жауап келеді. Алғашқы тәжірибесінен кейін ол әлемдегі үнемді туризмнің басты идеологына айналды.
Каучсерфингтің миссиясы - өзге елдерді тануға тырысқан саяхатшылардың бір-біріне көмектесуіне мүмкіндік беру. Сіз шетелден келген туристі қонақ қылып, тегін баспана ұсынсаңыз, келесі саяхатыңызда сізге де дәл осындай қызмет түрін ұсынады. Тіпті ешкімді паналатпасаңыз да, шетелге сапарыңыз кезінде тегін орын алуға мүмкіндігіңіз бар. Каучсерфингтің негізін қалаушы Кейси Фентан өз тәжірибесін өзгелермен бөлісу үшін онлайн-сервис құруға кіріседі. 2004 жылы сайт іске қосылды.
CouchSurfing.org сайтын бүгінде 230 елден 6 млн адам пайдаланады. Тіркелу ұзақ уақытты алмайды. Осыдан кейін басқа қолданушыларды құрметтеу, спам жібермеу, баспана үшін ақша сұрамау және 18 жасқа толмағандарға сайтты қолдануға рұқсат бермеу, тек 1 парақша ғана ашу керек деген Каучсерфинг ережелерімен танысып шығуыңыз қажет. Сондай-ақ аккаунтыңыздың шынайы екендігін дәлелдеу үшін кем дегенде 12,23 доллар көлемінде жарна төлейіз. Логотиптің суреті бар сүйкімді жапсырма алғаннан кейін сіз қоғамдастықтың толыққанды мүшесі боласыз.
[caption id="attachment_34094" align="alignnone" width="620"] Каучсерфинг арқылы тек жолыңыз бен тамақтануға ғана ақша жұмсайсыз. Фото: Corbis / East News[/caption]Шетелдік қонақты қабылдауға дайын адам - хост, ал саяхаттаушы серфер болады. Баратын еліңізден хост табу үшін сайттың іздеу жүйесіне қаланы белгілеп, саяхатыңызды мерзімі мен мақсатыңыз тураы қысқаша жазуыңыз керек. Өзіңізге ұнаған үміткерлерді таңдағаннан кейін оларға кім екеніңізді және неге ол адамды таңдағаныңызды жазып, өтініш Couch Request жібересіз. Сіз профиліңіз бен не жазғаныңызға байланысты да сізді қабылдайды.
Тіркелгеннен кейін өз анкетаңызды міндетті түрде толтыру керек. Сіздің қандай екеніңізді сол парақшаңыз арқылы таниды. Сондықтан қызығушылықтарыңыз туралы, өмірдегі мақсатыңыз бен бұл сайтта неге тіркелгеніңіз жөнінде толығырақ жазып, суреттеріңізді енгізіңіз. Егер қонақ қабылдайтын болсаңыз, баспанаңызды да сипаттаңыз.
Қазақстандықтар арасында
Қанға сіңген қонақжайлылық қасиетке байланысты қазақстандықтар да бұл қозғалысқа белсенді түрде араласа бастады. Шетелдіктер Алматы, Астана және Қарағанды тәрізді қалаларға жиі келеді. Егер қонағыңызға Қазақстанда қалай қарсы алғаныңыз ұнаса, ол естеліктерімен өзге де каучсерферлермен де бөліседі. Еуропа тұрғындарының көпшілігі сізге де сондай қонақжайлылықпен қарап, бағалы кәдесыйлар беруге дайын болады.
Сouchsurfing.org сайтында мыңға жуық қазақстандықтар тіркелген. Бірақ барлығы бірдей тегін баспана ұсынуға дайын емес. Көпшілігі жүйенің қалай жұмыс істейтіндігімен танысады. Қазақстандықтардың өзіне арналған Couchsurfing Kazakhstan парақшасы да жұмыс істейді. Әзірге бұл жерде 300-ден астам қазақстандық бар. Шетел емес, өз еліміздің қалаларын аралап шығу үшін де осы парақшаның қызметін пайдалана аласыз. Әлеуметтік желідегі парақшаны ашқан Айнұр Жазылбекова. Қытайда оқитын досынан осындай қоғамдастық туралы естіген Айнұр қазақстандықтар үшін де парақша ашуды жөн көреді. Қазір оны саяхатшылардың өздері жүргізеді, хост іздеп, сурет салып, жаңа каучсерферлермен кеңестерімен бөліседі.
"Өзім әлі хост болған жоқпын. Бірақ Бішкекке серфер ретінде барған едім. Бақытқа орай, маған қызықты, мейірімді адамдар кездесті. Дегенмен, қыздардың барынша сақ болғаны дұрыс",-дейді ол. Оның сөзінше, шетелде оқитын қазақстандықтар осы қозғалыс туралы көбірек біледі, көбірек атсалысады. Дегенмен, Қытай, Үндістан сияқты Азия елдерінде каучсерфинг туралы аз біледі.
Сouchsurfing.org сервисінен бөлек осындай жолмен саяхаттайтын туристерге арналған басқа да интернет-сервистер де бар. Олар: BeWelcome, Hospitality Club, Flat Jump, Place to stay. Бірақ оларды танымалдылығы төмендеу. BeWelcome-де 60-қа жуық қазақстандық тіркелген.
[caption id="attachment_34102" align="aligncenter" width="600"] Фото:bit.ua[/caption]Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024