Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан Азия елдерімен іскерлік байланысты қалай нығайтпақ?

Қазақстан Азия елдерімен іскерлік байланысты қалай нығайтпақ?

Бүгін Астанада АӨІСШК Іскерлік кеңесінің 7-отырысы өтті. Оған Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨІСШК) бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов, Әзірбайжанның шағын және орта бизнесті дамыту агенттігінің (KOBIA) басқарма төрағасы Орхан Маммадов және тағы басқалары қатысты.

Жиында мына мәселелер талқыға салынды: 

  • Шағын және орта бизнесті дамыту үшін жасанды интеллекті пайдалану;
  • Электронды коммерцияны дамыту есебінен трансшекаралық сауданы кеңейту;
  • Логистика және инфрақұрылым саласындағы жаңа міндеттерді айқындау;
  • АӨІСШК елдерінде шағын және орта бизнестегі әйелдердің құқығы мен мен мүмкіндігін кеңейту;
  • Шағын және орта бизнестегі тұрақты дамудың басымдығын айқындау.

Мұрат Қарымсақовтың пікірінше, АӨІСШК үкіметаралық форумы – 28 мемлекеттің мүддесін біріктіретін беделді халықаралық құрылым.

АӨІСШК Іскерлік кеңесіне мүше елдер мол табиғи ресурсқа, аумақтық артықшылыққа, сондай-ақ жоғары технология мен адами капиталға ие. Аталған кеңес өзін АӨІСШК елдерінің бизнес-қауымдастығын дамыту үшін маңызды және тиімді платформа ретінде көрсетті, – деді Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы.

Кеңес азиялық кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Бүгін біз шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске қосу, халықаралық әріптестік және тәжірибе алмасу мәселесін талқылаймыз. Жасанды интеллекті пайдалану, тұрақты даму, логистика және инфрақұрылым, трансшекаралық сауда сияқты салалардағы өзара іс-қимыл кәсіпкерлерге халықаралық нарыққа шығып қана қоймай, жаһандық экономиканың толық мүшесі атануға мүмкіндік береді, – деді Мұрат Қарымсақов.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Азияның экспорт көлемі жылдам өсіп келе жатқанын, биыл көрсеткіш 7,4%-ға пайызға артқанын жеткізді. Бірақ сыртқы факторлар Қазақстанның АӨІСШК елдерімен сауда қарқынына теріс әсерін тигізіп отыр.

«Мысалы, 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан мен АӨІСШК елдері арасындағы тауар айналымы 56,2 млрд доллар болды. Бұл 2023 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға төмен. Биыл 9 айда Қазақстаннан АӨІСШК елдеріне экспорт көлемі 9,8%-ға төмендеп, 26,8 млрд доллар болды. 9 айда АӨІСШК елдерінен импорт 4,1%-ға азайып, көрсеткіш тек 29,3 млрд долларға жетті», – деді министрдің орынбасары.

Ұқсас материалдар