Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық қордағы қаражат көлемі 35,8 трлн теңгеге жетті

Ұлттық қордағы қаражат көлемі 35,8 трлн теңгеге жетті

2025 жылдың 1 қарашасына қарай Қазақстанның Ұлттық қорындағы қаржы көлемі 35,8 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің ресми есебінде мәлімделді.

Министрліктің дерегінше, 10 айдың ішінде қорға 5,6 трлн теңге түсіп, оның 4,6 трлн теңгесі жұмсалған.

Қорға түскен 5,6 трлн теңгенің негізгі бөлігі мұнай секторынан түскен түсімдерден құралған. Атап айтқанда, мұнай компанияларынан түскен тікелей түсімдер 3,1 трлн теңге болды. Оның ішінде:

  • корпоративтік табыс салығы – 1,1 трлн теңге,

  • үстеме пайдаға салынатын салық – 35 млрд теңге,

  • бонустар – 1,1 млрд теңге.

Сонымен қатар, мұнай секторы ұйымдарының келтірген зиянын өтеуден 10,4 млрд теңге, жер учаскелерін сатудан 1,1 млрд теңге, ал республикалық меншікті жекешелендіруден 979 млн теңге түскен.

Қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс көлемі 2,48 трлн теңгеге жетті.

2025 жылдың 1 қарашасына дейін Ұлттық қордан барлығы 4,57 трлн теңге жұмсалды, оның ішінде:

  • кепілдендірілген трансферт – 2 трлн теңге,

  • нысаналы трансферт – 2,54 трлн теңге,

  • қорды басқару мен сыртқы аудит шығындары – 36,8 млрд теңге.

Ұлттық қордың басты мақсаты – мұнайдан түсетін табысты жинақтап, оны болашақ ұрпақтың игілігіне пайдалану және ел экономикасын тұрақтандыру.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдан бастап қордан алынатын қаражат шектелмек. Үкімет келер жылы Ұлттық қордан бар болғаны 2,7 трлн теңге алуды жоспарлап отыр.

Ұқсас материалдар