Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда банктік қарыздар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер бекітілді

Қазақстанда банктік қарыздар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер бекітілді

Қазақстанда банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейлері белгіленді.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысында айтылған.

Қаулыға сәйкес, банктер беретін қарыздар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер мынадай деңгейде бекітілді:

– кепілсіз банктік қарыздар үшін – 46%;
– кепілмен қамтамасыз етілген қарыздар үшін – 35%;
– ипотекалық тұрғын үй қарыздары үшін – 25%.

Сондай-ақ микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 46%-дан аспауы тиіс.

Ал мерзімі 45 күнге дейінгі және сомасы 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын микрокредиттер үшін мөлшерлеме тәулігіне 0,3%-дан, ал жылдық есеппен 179%-дан жоғары болмауы керек.

Ұқсас материалдар