Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстаннан Хорватияға визалық режим жеңілдеуі мүмкін

Қазақстаннан Хорватияға визалық режим жеңілдеуі мүмкін

Ақорда мәліметінше, президент Хорватияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Пленкович екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылады.

Кездесуде энергетика секторындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан хорватиялық компанияларға қолдау білдірді. Бұдан бөлек, виза режимін оңтайландыру мәселесі қарастырылды, – делінген ақпаратта.

Орайлы сәтті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия премьер-министрін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырды. Ал Андрей Пленкович Қазақстан президентіне Хорватияға сапармен келуге ұсыныс білдірді.

Ұқсас материалдар