Қазақстан мен Орта Азиядағы ең ірі банк Казкоммерцбанк (ККБ) БТА Банкпен интеграциялау процесі аясында еншілес "Казкоммерцбанк Қырғызстан" ААҚ-ның акция пакетін сатты. Бұл туралы ККБ таратқан баспасөз-баяндамасында жазылған. Келісім 2015 жылдың 16 ақпанында орын алған. Сатылған акциялар көлемі -293,975 қарапайым акциялар. Бұл "Казкоммерцбанк Қырғызстан" ААҚ капиталының 95,75 пайызын құрайды. Сатылым құны халықаралық аудитрлік компания жүргізген тәуелсіз бағалау арқылы анықталды. ККБ баспасөз-қызметі хабарлағандай, сатып алушы -Қырғызстан азаматы. Келісім құны коммерциялық құпия есебінде жарияланған жоқ.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024