Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігі басқарма төрағасы қызметінен босатылды

Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігі басқарма төрағасы қызметінен босатылды
Фото: facebook.com/kemelbek.oishybayev

Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігі басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы экс-Басқарма төрағасы әлеуметтік желідегі парақшасында «
Бүгіннен бастап «Хабар» агенттігіндегі қызметімді тоқтаттым», деп жазды.

«Компанияға келген кезімде өзімнің жоспарым бойынша үш жылдай қызмет етемін деп көздегем. Үш жыл өтті, бұл көп нәрсеге қол жеткізу үшін жеткілікті уақыт. Хабардың бренді жаңашылдықпен және жоғары сапамен байланысты. Басты мақсат маған дейін жасаған жақсы жетістіктерді сақтап, дамыту болды. Мен «Хабардың» құрамында болғаныма мақтанамын. Үш жыл ішінде көптеген технологиялық кемшіліктерді жойғанымызға мақтанамын. Нарықтан түскен коммерциялық кірісті пайдаланып, барлық аймақтардағы техникалық жабдықтарымызды жаңарттық, бұл өте маңызды. «Хабардың» жобаларына қатысты жоғары талаптар қойып келдік. Сондықтан 24KZ пен «Хабар» арналарында көрсетілген жобалар жоғары деңгейде болып, көрермендер өнімдеріміздің сапасын жоғары бағалады», деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.
Оның айтуынша мұрағат бойынша көп жұмыс жасалған. Мұрағат зерттеліп,  нәтижесінде қажетсіз материалдарды алып тастап, қолжетімді материалдардың нақты тізімі жасалған. Бұл мұрағаттағы бейнематериалдарды іздеуді жеңілдеткен. 

«Хабар» агенттігінің цифрлық технологияларға бағытталған күш-жігері басты назарда. Біздің YouTube арналарымызжазылушылардың санымен және қаралымдары бойынша барлық телеарналар арасында ұзақ уақыт бойы сөзсіз көшбасшы болып келеді. 2025 жылдың соңына қарай оның қаралым саны 600 миллионнан асты. Біз сондай-ақ Хабар арнасының басқа әлеуметтік медиа платформалардағы көшбасшылығын нығайту үшін жұмыс істедік. Хабар агенттігінің цифрлық бағыттағы мамандары мықты команда, сондықтан мен көшбасшылықтың тек өсе беретініне сенімдімін. Біз онлайн аудитория үшін бөлек подкасттарды іске қостық және Instagram серияларының түсірілімін аяқтадық. Хабар агенттігі бүгінгі күні жәй телеарналар емес, өрісі кең медиа платформа. Тағы бір бағытымыз - цифрландыру және жасанды интеллектті пайдалану. Соңғы бір жылда біз барлық процестерді цифрландырдық. Бұл бізге ЖИ арқылы әрбір ресурстың - адами, техникалық, студиялық және басқа да ресурстардың жұмыс жүктемесін күнделікті талдауға мүмкіндік береді. Бұл қазірдің өзінде қаржылық үнемдеу мүмкіндігін берді және бұл бағытта жақсы перспективалар күтілуде. Біз жасанды интеллектті пайдаланып бейне контент жасай бастадық», - деді Хабардың экс-басшысы.
«Хабарда» өткізген үш жыл өміріндегі қызықты кезеңдердің бірі болғанын атап өткен Кемелбек Ойшыбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Президент Әкімшілігіне және министр Аида Балаеваға,  «Хабардың» бүкіл командасына және көрермендерге алысын білдірді. 


Ұқсас материалдар