Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Интернет-алаяқтық дерегінің ашылу деңгейі артты

 Интернет-алаяқтық дерегінің ашылу деңгейі артты

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мәліметінше, Қазақстанда интернет-алаяқтықтарды ашу деңгейі 36,5%-дан 66%-ға дейін өсіп, 29%-ға артқан.

Биылғы екі айда мұндай қылмыстар саны 8,3%-ға төмендеп, 4 023 жағдай тіркелген. Қылмыстық жауапкершілікке 913 адам тартылды. Келтірілген 3,4 млрд теңге залалдың 1,9 млрд теңгесі өтелген.

Құқық қорғау органдары дропперлік схемаларға қарсы жұмысты күшейткен. Осы бағытта 400-ден астам іс қозғалып, 66-сы сотқа жолданды. Сонымен қатар, алаяқтар пайдаланатын SIM-карталар мен WhatsApp аккаунттарын белсендендірушілер және «сұр провайдерлер» анықталып, жауапкершілікке тартылып жатыр.

Бас прокуратура киберқылмысқа қарсы күресте тек қылмыскерлерді емес, құқықбұзушылыққа жағдай жасайтын тетіктерді де жоюға басымдық беріліп отырғанын атап өтті.

Ұқсас материалдар