Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Құлыбаев мемлекетке 1 млрд доллар төлей ме?

Құлыбаев мемлекетке 1 млрд доллар төлей ме?

Қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаев елдің бұрынғы президенті, қайынатасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі кезінде жинаған байлығына қатысты үкіметтің тергеуі аясында мемлекетке 1 млрд доллар төлеу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұл туралы 5 ақпанда осы жағдаймен таныс дереккөздеріне сүйеніп Bloomberg агенттігі жазды. 

«Келісімге келер болса, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев қаржының бір бөлігін ақшалай, қалғанын инвестиция түрінде төлейді», – деп хабарлады агенттік.

Bloomberg дереккөздерінің мәліметінше, Құлыбаев төлем жасағанмен, бұл оның кінәсін мойындау дегенді білдірмейді.

Агенттіктің жазуынша, Құлыбаевтың өкілі бұл мәселе мемлекеттік істерге қатысты деп, тікелей пікір білдіруден бас тартқан, бірақ «кез келген төлемді активтерді қайтару деп атаған дұрыс емес» деп айтқан. Миллиардердің өкілі осы жылдар ішінде Құлыбаев елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосты және «осы бағытта үкіметпен өзара әрекет етуді жалғастырып отыр» деп жауап берген.

Былтыр қарашада жергілікті медиалар Тимур Құлыбаев пен Қазақстан прокуратурасы соттасып жатыр деген ақпарат таратқан. Істе кәсіпкер Құлыбаевтың жауапкер екені жазылған еді. Ал арыз иесі ретінде Бас прокуратураға қарайтын активтерді қайтару жөніндегі комитет көрсетілген.  

Ұқсас материалдар