Қазір «Көкжайлау дауы» халық арасында өзекті тақырып болып тұр. «Көкжайлауға курорт салайын деп жатыр екен. Қолдаймыз ба, қорғаймыз ба?» деген сауал әрбір саналы азаматтың аузынан еститін сөзге айналды. Бұл мәселенің 2002 жылы басталғанын, 2012-2013 жылдары халықаралық деңгейдегі мәселеге айналғанын біреу білсе, біреу білмейді. Саяси мәселеге айналған «Көкжайлау дауы» қашан, қалай пайда болды? Қоғам қайраткерлері қандай пікір білдірді? Даулы мәселенің түйіні қалай шешілді? 7kun.kz бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға шолу жасады.
Көкжайлау деген қандай жер?
Алматы қаласы мен облысындағы жергілікті халық болмаса, Көкжайлаудың қандай жер екенін білетіндер көп емес. Алайда, «Көкжайлау дауы» халық арасына тараған соң Көкжайлаудың аты танылып, тау шатқалы туралы ақпарат іздейтіндердің қатары күрт артты. Көкжайлау – Алматы қаласынан 12 шақырым жерде Іле-Алатау баурайында орналасқан тау шатқалы. Табиғаты таза, адамдар жол салып алған Көкжайлауға демалу үшін баратындар, оның әсем табиғатын көру үшін арнайы келетін туристер көп.
[caption id="attachment_98049" align="aligncenter" width="690"] Фото: Zakon.kz[/caption]Даудың басы...
2002 жыл
Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жобасын талқылау 2002 жылы басталған. Содан бері жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) мен жобалау-сметалық құжаттарын (ЖСҚ) дайындап, болашақ курортты энергиямен қамтамасыз етуі тиіс қосалқы электр станциясы құрылысына кірісіп үлгерген.
"Көкжайлау дауы" әлемдік деңгейге шықты
"Көкжайлау" тау шаңғысы курортының жобасын талқылау туралы қызу пікірталас 2012 жылы халықаралық деңгейге көтерілді. Алматы белсенділерінің ерекше қорғауға алынған табиғи аймақта курорт салуға қарсы наразылығы олардың ашық хаты интернетте жарияланған соң, 2012 жылдың басында белгілі болды.
Алматылық 12 тұрғын Іле Алатауы бөктеріндегі табиғи аймақта «Көкжайлау» тау шаңғысы курорты құрылысы жөніндегі жобаға байланысты БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының Орхус конвенциясын орындау жөніндегі комитетіне арыз жолдады.
Орхус конвенциясы адам денсаулығы мен игілігіне жайлы қоршаған ортаға деген құқығын қорғауға, ақпарат ала алуын, жұртшылықтың шешім қабылдау процесіне қатысу және қоршаған ортаға қатысты мәселелер жөніндегі әділ төрелікке қол жеткізу құқығын қорғауды көздейді. Қазақстан Орхус конфенциясына 2000 жылы қосылған.
2013 жыл
2013 жылдың 31 мамырында конвенцияға үндеу-хат жолданды. 25-28 маусымда конвенция мәжілісі арызды қарауға және талқылауға қабылдады. Орхус конвенциясын орындау жөніндегі комитет 26 шілде күні арызданушылардың, қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігіне және басқа да халықаралық ұйымдарға тиісті құжаттарды жіберді.
Көкжайлауда тау шаңғысы курортын салудың тиімділігі туралы қызу пікірталас өрбіп, 2013 жылы еуразиялық деңгейге шығып, 2013 жылы Алматы қаласында халықаралық конференция өтті. 8-9 қазан күндері өткен тау шаңғысы курорттары жөніндегі еуразиялық конференцияда Алматы әкімдігінің туризм басқармасының бастығы Бақытжан Жоламанов «Көкжайлау» жобасы туралы баяндама жасады. Онда: "Көкжайлау тау шаңғысы курортының жобасы 2,7 гектар жерді қамтиды. Тау басында орналасатын курортты ауылдарда қонақүй, мейрамхана және курортты аймаққа тән басқа да құрылыстар салынып, 185 гектар жерге 63 шақырым тау шаңғысы трассасы төселіп, 16 аспалы жол тартылмақ. Курорт күніне 10 200 шаңғышыны қабылдайды, қонақ үйлерде бір 1300 нөмір бөлме болады деп жоспарланған. Жобаны іске асыруға қазынадан 455 миллион доллардай, ал жеке инвесторлардың қалтасынан шамамен 900 миллион доллар шығады. Көкжайлау курорты жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді" делінген.
Көкжайлауға курорт салуға қарсы қоғам белсенділері "Көкжайлауды қорғайық" атты бейресми қозғалысқа бірігіп, адам аяғы баспаған табиғат аясында ірі нысан салу идеясының өзіне де, биліктің шалағай жобаны іске асырудағы асығыстық пен өктемдігіне қарсы шыққан.
2015 жыл
Тау шаңғысы жобасы аясында Алматы әкімдігі Көкжайлаудың батыс жағынан қосалқы электр станциясын салуға тапсырыс беріп, оны сала бастаған болатын. Бірақ 2015 жылы күзде жобаны уақытша тоқтатылған. Билік себебін экономикалық дағдарыс пен жұрттың наразылығына байланысты түсіндірген.
2017 жыл
Көкжайлау жайлы жаңа жоба
[caption id="attachment_98052" align="aligncenter" width="420"] Фото: Caravan.kz[/caption]Қайта қаралған дайындықтан кейін 2018 жылдың 31-мамырында Алматы әкімдігінің туризм және сыртқы байланыс басқармасы басшысы Ерлан Жайлаубай мен Almaty Mountain Resort компаниясы басшысы Наиль Нуров журналистер мен азаматтық белсенділер алдында есеп берді.
"Көкжайлау" курорты жобасының жаңа ТЭН-ін әзірлеумен осы компания айналысып жатыр. Оның жалғыз құрылтайшысы - Алматы әкімдігі, ал серіктестері ретінде қазақстандық Geo Data Plus компаниясы, франциялық Peaking қауымдастығы және австриялық компания",- деп көрсетілді жиында.
Биыл жазда Алматыда “Көкжайлау” курортына арналған ең үздік смарт-жобалар анықталды. Kokjailau Challenge хакатонының финалында стартапшылар болашақтағы "Көкжайлау" тау курортының экологиясы мен туристік әлеуетін жақсартуға арналған цифрлық жобаларын жария етті. Демалыс орны өкілдерінен, Almaty Travel Lab және VisitAlmaty орталықтарының жетекшілерінен құралған қазылар алқасы үздік жобаларды іріктеді.
"Біз курорт жасаушы және оның қалай болатынына жауапты компания ретінде жобаға туризм, экология, құрылыс, демалыс және басқа да салалардағы сарапшылар тобының жас, талантты, мәселені конструктив шешуге бейім күштерді тартуға мүдделіміз. Біз идеялар мен инновацияларға ашықпыз, сондықтан талантты жастардың жобаға үлес қосуына мүмкіндік бердік және бүгін ұсынысы тыңдалған барлық адаммен ынтымақтастық орнатамыз. Мұндай смарt-алаңдардағы креатив жұмысты біз келешекте де қолдаймыз, өйткені бұл миллениал ұрпақтың курорттан не күтетінін түсінуге мүмкіндік беретін маңызды инструмент қой”, – дейді қазылар алқасының төрағасы, Almaty Mountain Resorts Наиль Нуров.
Не өзгерді?
Биыл алғашқы нұсқамен салыстырғанда, "Көкжайлау" жобасы өзгеріске ұшырады. Жоба жасаушылар шипажайды барлық параметрлері бойынша ықшамдап, құнын кеміткен. Құрылыс алаңын 10 есеге азайтып, алты гектарға дейін кішірейткен. 200 орындық мейрамхана мен 150-200 кісілік қонақүй салынады. Ағаштар өскен жерлерде құрылыс жүргізілмейді. Шаңғы жолдарының жалпы ұзындығы 64-тен 24 километрге дейін қысқарған. Бұрын жалпы ұзындығы 60 километрден асады деп жоспарланған жолдар 22 километрге дейін қысқарған. Шаңғы тебетін бөктерлерді қармен қамтамасыз ету үшін бір көл (үшеудің орнына) жасау ұйғарылған.
Жоба құны 200 миллион теңгеге немесе шамамен 600 мың долларға (бұрын 1,5 миллиард доллар болған) түседі деп бағаланған. Жоба қалалық және республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Есеп бойынша, жобалық және сметалық құжаттар 2019 жылға қарай дайын болады,ал құрылыстың өзін 2020-2022 жылдары жүргізбек.
Материал Azattyq.org, Baribar.kz, Qamshy.kz, Zakon.kz сайттарының ақпараты бойынша әзірленді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024