![Кредиттік картаны қалай қауіпсіз және тиімді пайдалануға болады?](/uploads/posts/1739269736_e1N-mDiZrL4AOYX7H6wghT4bO6kVyFh-/image/post7.jpeg)
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік картаны қалай қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы кеңес берді.
Кредиттік карта – бұл банк қаражаты есебінен тауардың, қызметтің ақысын төлеуге мүмкіндік беретін құрал, яғни қысқа мерзімді қарыз. Қосымша шығындарды болдырмау үшін қарызды белгіленген мерзімде қайтару маңызды. Кредит картасын дұрыс пайдалану қаржыны үнемдеуге және тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.
- Қарызды грейс-кезеңі ішінде жабыңыз
Грейс-кезеңі – бұл белгілі бір мерзім ішінде (әдетте 30-60 күн) жұмсалған қаражатты пайызсыз қайтаруға болатын уақыт. Негізгі ереже – осы мерзім аяқталғанға дейін қарызды толық өтеу. Мысалы, егер грейс-кезең 25-і күні аяқталса, сол күнге дейін толық соманы қайтару қажет, себебі одан кейін банк пайыздар қоса бастайды.
- Кредит картасынан қолма-қол ақша алмаңыз
Кредит картасынан қолма-қол ақша алу – тиімсіз операция. Банктер комиссия ұстап, бірден пайыз есептей бастайды. Кредит картасын тек қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін пайдаланыңыз.
- Кредит картасынан аударым жасамаңыз
Басқа карталарға аударымдар грейс-кезеңге кірмейді, яғни пайыздар бірден есептеледі. Ақша жіберу қажет болса, дебеттік картаны немесе басқа төлем әдістерін қолданыңыз.
- Бонустық бағдарламаларды қолданыңыз
Көптеген банктер кэшбэк, жеңілдіктер және бонустық бағдарламалар ұсынады. Кредит картасымен төлем жасау арқылы қаражаттың бір бөлігін қайтарып немесе бонус жинауға болады. Дегенмен, бонустардың есептелу шарттарын ескеріңіз.
- Картаның қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз
- Картаның мәліметтерін өзге тұлғаларға бермеңіз.
- Күрделі PIN-кодтар мен құпия сөздерді қолданыңыз.
- Барлық операцияларды бақылау үшін SMS-хабарламаларды қосыңыз.
- Тек тексерілген сайттарда төлем жасаңыз.
- Картаны жоғалтқан жағдайда оны дереу банк арқылы бұғаттаңыз.
- Ірі сатып алуларды жоспарлаңыз
Егер сіз қомақты сауда жасамақ болсаңыз, оны есептік кезеңнің басында жасаған жөн. Бұл қарызды пайызсыз өтеуге көбірек уақыт береді.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда автосақтандыру бағасы қымбаттайды
- 11 ақпан, 2025
Жаңа Салық кодексі Парламент қарауына қашан енгізіледі?
- 11 ақпан, 2025